Денсаулық

Маңызды мәселелер қозғалды

Өткен бейсенбі күні Аса ауылдық округі әкімі аппаратында жергілікті қоғамдастық кеңесінің жиналысы өтті. Оған қатысқан кеңестің 11 мүшесі күн тәртібіне қойылған коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша округ аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы және баспасөзге жазылу науқаны жайын кеңінен сөз еткен ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетовтің сөзін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, басқосуда әртүрлі мәселелер де қозғалды.

2 декабря 2020, 15:55
МОБИЛЬДІК ТОП РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

Аудан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жедел әрекет ету штабының мүшелері Аса ауылындағы азық-түлік және құрылыс дүкендеріне рейд жұмыстарын жүргізді.

28 ноября 2020, 12:48
БІЗДІҢ МАҚСАТ – АЛДЫН АЛУ

Осындай ұранмен Аса ауылдық округінде карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Аталған топ жүргізетін рейд кезінде дәмханалар, дүкендер, май алмастыру, желімдеу, дәріханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен кішігірім саябақтар қамтылып отыр. 

28 ноября 2020, 12:47
ҚАЛТА ҚАМЫНАН ҰЛТ САУЛЫҒЫ МАҢЫЗДЫ

Дүниені дүрбелеңге салған коронавирус дертінің таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері кеше «Ас-Ер» мал базарына барып, тұрғындарын сақтық шараларына атүсті қарамау керектігін тағы бір мәрте құлағдар етті. 

28 ноября 2020, 12:45
100 бетперде таратты

Қазіргі кезде әлемді дүрліктірген коронавирус індетінің беті қайтқандай көрінгенімен, айтып ауыз жимай жатып-ақ, өңірімізге суық келісімен аты жаман індет бірге ілесе келгендей әсер қалдырып отыр. Еліміздің бірнеше өңіріне бұл індет бір ай бұрын есік сығаласа, біздің облысымыздың табалдырығынан да аттай бастаған тәрізді. Оған жауапты мамандардың бас­пасөз беттерінде жарияланған дәйекті деректері дәлел.

25 ноября 2020, 13:09
Жалпақтөбеде жағдай мәз емес

Апта аралығында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов жетекшілік ететін шұғыл топ Ақбұлым, Жалпақтөбе ауылдарындағы сауда орындарына рейд жүргізді. Рейд барысында ауылдарда жалпы тұрғындар тарапынан сақтық шаралары сақтала бермейтіні анықталды.

21 ноября 2020, 10:08
Ескертулерге құлақ асқан жөн

Бүгінде өңірде эпидемиологиялық ахуал әзірге тұрақты. Дегенмен, аудан тұрғындары коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл – баршаға ортақ міндет. 

21 ноября 2020, 10:07
КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

Аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында аудандық орталық аурухананың 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары кеңінен баяндалды. Күн тәртібіндегі мәселелер қатарындағы «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы, скринингтік тексеру нәтижесі, мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, ана мен бала өлімі және жұқпалы инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары туралы орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков нақты көрсеткіштерді назарға ұсынды.

21 ноября 2020, 09:59
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай енгізіліп, одан кейін карантиндік шектеу талаптары орнағаны белгілі. Індеттің алдын алу бағытындағы мұндай шаралардың экономикаға кері ықпалы тигені айқын. Карантин шаралары кәсіпкерлерге де біраз қиындық тудырып, дағдарыс салдарын шағын және орта бизнес саласы қатты сезінді.

18 ноября 2020, 09:32
Сауда нысандарында кемшіліктер бар

Өңірде карантин талаптарын сақтауға байланысты кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жіті бақылауға алынғаны белгілі. Қауіпті індеттің таралуына жол бермеу масқатында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев бастаған шұғыл топ мүшелері демалыс күндері аудандағы ірі сауда дүкендеріне кезекті рейд жүргізді.

18 ноября 2020, 09:30