Денсаулық

Кәсіптік оқу орны сенімгерлік басқаруға көшті

Орал қаласындағы Сервис және жаңа технологиялар колледжі сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.

4 августа, 20:20
Өтпелі кезеңде сабырлылық танытайық

Біз «жақын» деген сөзді тек туған-туыстарға қаратып айтатын сияқтымыз. Ал, өзімізбен әріптес, сапарлас, пікірлес болған жандарды неге жақын деп есептемейміз. Олармен ойыңыз ортақ, мұратыңыз мүдделес болса, неге жаныңызға жақын тартпайсыз? Жақын деген сөз тек арақашықтық өлшемі ме? Бәріміз бір аспанның астында өмір сүріп жатқандықтан, бір-бірімізге жақынбыз. Сондықтан да тайып бара жатқанға таяныш, сүрініп кеткенге сүйеніш болу адами парызымыз емес пе?! Әсіресе, қазіргі індет іргемізге ұя салған қиын-қыстау шақта жан-жағымызға жанашырлық таныту аса маңызды.

30 июля, 14:22
Шектеу шаралары сақталуы тиіс

Әлемдегі ахуалға байланысты наурыз-сәуір айларында карантин режимі күшейтілген болатын. Ол кезде жағдайымыз бүгінгі күнге қарағанда біршама жақсы деп бағаланды. Бірақ, бәрі біз ойлағандай емес екен. Карантин талабы босаңсығаны сол екен, дерт дендеп кетті. Айналдырған бір айдың ішінде науқастардың саны он мыңнан отыз мыңға бір-ақ жетті. Өлім-жітім де көбейді. 

30 июля, 14:21
Кәсіпкерлік нысандар – бақылауда

Сергелдеңге салған селебенің алдын алу мақсатында құрылған шұғыл топ мүшелері апта аралығында Гродеково, Полатқосшы, Ақбұлым, Қаракемер, Айшабибі, Қаратөбе, Аса, Қарасу ауылдық округтеріне барып, Жамбыл облысы Бас санитарлық дәрігерінің №28 қаулысында көрсетілген санитарлық, гигиеналық талаптарға қарама-қайшылық тудыратын, сақтық шараларына бей-жәй қарайтын бірқатар кәсіпкерлік нысандарды анықтап, халық денсаулығына атүсті қараған азаматтарға қатаң ескертулер жасап, кейбіріне әкімшілік айыппұл салды. 

30 июля, 14:16
Айшабибілік жастар жарады

Жақыныңа жанашыр бол! Бұл – бүгінгі күннің ұраны іспетті. Қазір әлем халқы алапат індетпен бетпе-бет келіп тұр. Аты жаман ауру талай адамды төсекке таңып, талай адамды ажал құштырды. Бұл індеттен арылудың жалғыз жолы – карантин талаптарын сақтау, жақындарымыздың жанына жалау болу.

30 июля, 09:33
Дәрігерлерге мың алғыс!

Індет елімізге енгелі ақ халатты абзал жандарда дамыл жоқ. Осындайда күн-түн демей әрбір науқастың өмірі үшін арпалысқан медицина саласының сарбаздарына басыңды иесің. «Жақсы сөз жаныңды жадыратады» демекші, оларға әркез алғыс айтып, құрмет көрсету – біздің міндетіміз. 

30 июля, 09:32
Мәселені дер шағында қозғады

Коронавирус індетінің елімізде таралуы салдарынан мемлекетіміз барынша сақтық шараларын ұсынуда. Әлемдік пандемия кез келген саланың қалыпты жұмысына әсерін тигізуде. Соның қатарында білім саласы да бар.

25 июля, 14:31
Олар — адам жанының арашашысы

Қазір жаһан жұрты қауіпті індетпен бетпе-бет келіп отыр. Небәрі жеті-сегіз айда қаншама адам осы ауруға шалдығып, ажал құшты. Бір өкініштісі, бұл індет елімізде тез тарап кетті. Алғашында аурудың барына күмәнмен қараған көпшілік бүгінде сақтық шараларын мықтап қолға алған. Бұл – жақындарымыз үшін өте маңызды. 

25 июля, 14:30
Бұл күндер де өтер

Шартарапты сергелдеңге салған індет шегінер емес. Жер жаһанда аты жаман ауруға 16 миллионға жуық адам шалдықса, 600 мыңнан астам адам ажал құшты. Елімізде де жағдай мәз емес. Кешегі мәліметке сүйенсек, тәж вирусы 78 мыңнан астам азаматтан анықталған. 585 адам өмірден өткен.

25 июля, 14:28
Халық қалаулылары — халықпен бірге

Қазір дәрі де, дәрігер де қат дүниеге айналғанын көріп-біліп жүрміз. Дәріханаларда ұзын-сонар кезек. Жасырары жоқ, соңғы күндері сол кезек сейілгендей. Бірақ, керекті дәрі-дәрмектер мен құрал-саймандардың жетіспеушілігі байқалады.

25 июля, 14:24