Денсаулық

Жаңа жүйенің мәні неде?

Бүгінде мін­детті әлеу­меттік меди­циналық сақтандыру – маңызды мәселенің бірі. Осы тұрғыда «МӘМС жүйесі дегеніміз не? Реформа не үшін керек және оның тиімділігі қандай? Сонымен қатар, айтулы жүйе аудан жұртшылығы арасында қалай насихатталуда? Амбулаториялық-емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухана бұл ретте нендей жұмыстар істеуде?»  деген сұрақтардың туындауы заңдылық.

18 ноября, 09:21
Мал базарында жағдай түзелген

Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны күннен-күнге артуда. Осыған байланысты карантин талаптары қатаңдатылып, шектеу шаралары күшейтілген. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың барлығы ел азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған. Әсіресе, індетпен күресте мобильдік топтардың жұмысы өз нәтижесін беруде. Адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға, сауда нысандарына жүргізілген рейдтерден кейін адамдар қазір сақтық шараларына кәдімгідей мән берген. Олар бұрынғыдай бейжай емес. Тәртіпке бағынып, белгіленген талаптарды орындап жүр. Әрине, бәрі емес, басым көпшілігі. Адам жанындағы адамға қарап бой түзейді десек, алдағы уақытта немқұрайлыққа бой алдырып жүрген азаматтарымыз сақтық шараларын ұстанады деген ойдамыз.

14 ноября, 11:35
ТАЛАПТАРҒА БАСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ

Әлемге дүрбелең орнатқан коронавирус инфекциясының қайта төбе көрсетуі барлығымызды алаңдатып отыр. Өзге мемлекеттерде дертті жұқтырғандардың саны күн санап өсіп, рекордтық көрсеткішке жетті. Еліміздің кейбір аймақтары төтенше жағдайға қайта оралуы мүмкін деген қауіп бар.

11 ноября, 12:28
Мақсат – індеттің таралуына жол бермеу

Қауіпті індет жер бетінде пайда болғалы бері бүкіл әлем бұл қауіпті құбылыспен күресіп келеді. Барлығының көздегені бір мақсат, бір мүдде, бір міндет, ол – індетті жеңу. Дегенмен, бәрі де адамдардың өзіне байланысты екені мәлім. Ең бастысы, шектеу шараларын сақтау қажет. Дәл қазір еркінсуге болмайды. Індет ешкімді аяп жатқан жоқ, аямайды да. Оның салдары да өте ауыр. Бұған бәріміздің көзіміз анық жетті. Бұны тек қана темірдей тәртіп пен қатаң талап арқылы ғана жеңуге болады.

11 ноября, 09:22
Тым еркінсіп кетпейік

Бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус біздің елге де салқынын тигізбей қоймады. Наурыз айынан бастап науқастардан алғашқы белгілері анықтала бастады. Мемлекет тарапынан індетпен күреске ауқымды күш жұмылдырылып, қауіпті кеселдің жайылып кетпеуі үшін ел аумағында қатаң тәртіп сақтау көзделді. Төтенше жағдай енгізіліп, карантин талаптарын сақтау міндеттелді. Бұның бәрі, әрине, халықты сақтандыру үшін қажет болды.

7 ноября, 12:30
Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында

Елімізде қауіпті індеттің қайта өршуіне байланысты карантин талаптары қатаңдатылып, сақтық шаралары күшейтілді. Күнделікті бетпердемен жүру, әлеуметтік арақашықтықты сақтау ел азаматтарына міндеттелді. Жамбыл облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, індетті жұқтырғандар да жоқ емес. Осы орайда біздің ауданда қауіпті індеттің алдын алу үшін қажетті шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде. Әсіресе, аудан әкімі аппараты жанынан құрылған шұғыл топтың бүгінде жұмысы қызу. Топ мүшелері аудан аумағында рейдтер ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарға сақтық шараларын түсіндіруде.

7 ноября, 09:27
Талап бәріне ортақ

Ел тұрғындары осыдан 4-5 ай бұрын мүлдем басқа болмыста өмір сүре бастаған. Таңертең әрбір қазақ смартфонын ашып, коронавирус жұқтырғандардың санын түгендей бастайтын. Ол кезде көрсеткіш көңіл көншітпейтін. Ал, бүгінде облыс аумағында жағдай біршама жақсарған. Алайда жақсы екен деп талапты ысырып қойған жарамас. Өкінішке орай арамызда әлі де карантин талаптарына бейжай қарайтын адамдар баршылық. 

4 ноября, 12:37
Еркінсуге әлі ерте

Еліміздегі барлық блок-бекеттер алынып, шектеу шаралары жеңілдетілгені сол екен, халық коронавирустың зардабын тез арада ұмытып кетті. Әбден мезі қылған масканы тақпайтын да болды, Сақтық шараларына атүсті қарайтындар көбейді. 

4 ноября, 12:34
Маңыздысы – халық саулығы

Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы №39 қаулының 13-тармағында санитарлық-гигиеналық талаптарды, арақашықтық пен бетперде режимін қатаң түрде сақтай отырып, «Ас-Ер» мал базары жұмысын (50 пайыз) жалғастыратыны жайлы баспасөз беттерінде жарияланған болатын.

30 октября, 12:43
Карантин талаптары түсіндірілді

Сәрсенбі күні коронавирус індетінің алдын алу мақсатында аудан әкімінің аппараты жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері Аса ауылындағы бірқатар сауда орталығы мен азық-түлік дүкеніне барып, тұрғындарға облыс аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы №39 қаулының негіздері мен сақтық шараларын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

30 октября, 12:39