Еліміздегі карантин режимі басталғалы бері кәсіпкерлік нысандардың жұмысы жіті бақылауға алынғаны белгілі. Бүгінде қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында аудан әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ өкілдері кәсіпкерлік субъектілерін бақылауды жалғастыруда.
Өңірде әлемді әбігерге салған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында ауқымды шаралар атқарылуда. Аудандық «Ұлттық сараптама орталығының» мамандары ауылдық округтерде және аудан орталығы Аса ауылында орналасқан мекемелерде, адам көп жиналатын орындарда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.
Күллі жаһан жұртшылығын жаппай дүрліктіріп, аз уақыт ішінде әлем елдерін әбігерге түсірген жұқпалы дерт ширек ғасыр ішінде іргесін бекітіп, өркениет көшіне ілескен еңселі елімізді де айналып өтпеді. Тосыннан келген апатқа тосырқай қараған халқымыз үрей мен үміттің бел ортасында өмір сүруде.
Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны күннен-күнге көбеюде. Бұл жайт бәрімізді алаңдатып қана қоймай, сақтық шараларына немқұрайлы қарауға болмайтынын аңғартып жатқандай. Қауіпті індетпен күрес жалғасқанымен, азаматтарымыздың қазіргі жағдайға түсіністік танытуы, жауапкершілікпен қарауы қажет-ақ. Жағдай бақылауда болғанымен, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаратын кез бұл. Барлығы өзімізге байланысты. Індетті еңсерудің тетігі өзімізде. Ол – шектеу шараларын сақтау, талапты орындау, тәртіпке бағыну.
Әлемді коронавирус індеті жаулап, біраз елде дағдарыс орын алды. Жер планетасына таралған коронавирус медицина тұрмақ, күнделікті өмірге де өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Мемлекеттік Шекараны күзету саласы біршама жаңартылып, көптеген өзгерту жасалды. ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери медициналық қызметтік шаралары бірнеше есе артты. Осы орайда жоғарғы басшылықтың жеке бұйрығымен подполковник Ғалымжан Журхаев бөлім бастығы болып тағайындалды.
Өткен бейсенбі күні Аса ауылдық округі әкімі аппаратында жергілікті қоғамдастық кеңесінің жиналысы өтті. Оған қатысқан кеңестің 11 мүшесі күн тәртібіне қойылған коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша округ аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы және баспасөзге жазылу науқаны жайын кеңінен сөз еткен ауыл әкімі Бауыржан Қалшымбетовтің сөзін мұқият тыңдады. Сондай-ақ, басқосуда әртүрлі мәселелер де қозғалды.
Аудан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу, алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған жедел әрекет ету штабының мүшелері Аса ауылындағы азық-түлік және құрылыс дүкендеріне рейд жұмыстарын жүргізді.
Осындай ұранмен Аса ауылдық округінде карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда. Аталған топ жүргізетін рейд кезінде дәмханалар, дүкендер, май алмастыру, желімдеу, дәріханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен кішігірім саябақтар қамтылып отыр.
Дүниені дүрбелеңге салған коронавирус дертінің таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері кеше «Ас-Ер» мал базарына барып, тұрғындарын сақтық шараларына атүсті қарамау керектігін тағы бір мәрте құлағдар етті.
Қазіргі кезде әлемді дүрліктірген коронавирус індетінің беті қайтқандай көрінгенімен, айтып ауыз жимай жатып-ақ, өңірімізге суық келісімен аты жаман індет бірге ілесе келгендей әсер қалдырып отыр. Еліміздің бірнеше өңіріне бұл індет бір ай бұрын есік сығаласа, біздің облысымыздың табалдырығынан да аттай бастаған тәрізді. Оған жауапты мамандардың баспасөз беттерінде жарияланған дәйекті деректері дәлел.