Ораза ұстаушыға он үш кеңес

Мұсылман бауырым, мынаны біл: Алла бізге ораза арқылы оған құлшылық қылу үшін оразаны міндетті түрде ұстауды бұйырды. Ораза саған пайдасын тигізіп, қабыл болуы үшін мына шараларды орында:

  1. Намаз оқы. Көптеген ораза ұстаушылар оған салғырт қарайды. Ал намаз дініміздің басты тірегі. Оны елемеу – құдайсыздықпен тең.
  2. Биік адамгершілік иесі бол, құдайсыздықтан сақтан, ораза тәртібін қатаң сақтай отырып, дінімізді масқаралау және адамдарға жаман қарым-қатынас жасаудан бас тарта біл. Ораза адамның жанын нұрландырып, өнегелі мінез-құлыққа ұмтылуға бейімдейді, ал дінсіздік адамды
  3. Қабыл болмайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Егер сіздердің араларыңыздан біреу бұл күндері ауыз бекітсе, онда ауызынан жаман сөз шықпасын, қатты айқаламасын, ешкімді, еңтеңені мазақ қылмасын. Ал егер оны біреу балағаттай жөнелсе немесе төбелеске шақырса «мен оразада жүрмін» десін деген өсиетін ұмытпа» (Ахмадтан, Мүслімнен және Нисааиден жеткен Құдайдан бездіреді.
  4. Айтуға болмайтын ұнамсыз сөздерді қалжың ретінде де қолданба, әйтпесе, сенің оразаң хадис).
  5. Қатерлі ісік (рак) пен ойық жараның шығуына себепкер болатын темекіні тастау үшін ораза кезін пайдалануға тырыс. Күндіз темекі тартпағаның тәрізді, ерік күшіңнің көмегімен кешке де темекі тартпауға талпынып көр. өзіңнің денсаулығың мен ақшаңды сақтай біл!
  6. Ауыз ашу кезінде қомағайлық танытпа, әйтпесе, денсаулығыңды бұзып аласың. Көп ішу-жеу қашанда зиян.
  7. Ораза кезінде оразаның талабына сай келмейтін және адамгершілікке жат көріністермен жаныңды кірлетпес үшін киноға барма, ұятсыз телехабарларды көрме.
  8. Сәресі және таң намазы кезінде ұйықтап қалмас үшін түн ортасына дейін ұйықтамаудан сақтан. Таң қараңғылығында сен ояу болуың керек. Алланың Елшісі былай деген: «Аллам, менің халқымды таң сәріде жарылқай гөр» (Ахмад пен әл-Тирмизиден жеткен нағыз хадис).
  9. Өзіңнің туысқандарың мен мұқтаж жандарға жомарт садақа бер. Туған-туысқа көмектес, дұшпаныңмен татулас.
  10. Алланы жиі есіңе ал, Құанды оның терең мағынасын ұғына білу үшін көбірек оқып, тыңда. Пайдалы дәріс тыңдап, ал Рамазан айының соңында тақуаға тән оңаша ойға шомуың үшін мешітке бар.
  11. Оразаның ережесін меңгеруің үшін оны қалай сақтау керектігі жөнінде уағыз, нұсқауды көбірек тыңда. Сонда сен ұмытып кетіп тамақ пен сусын ішім-жеп қою ауыз ашуға жатпайтынын, оразаны бұзбайтынын білесің.
  12. Рамазан айында оразаны мұқият ұста. Шамасы келсе, балаларыңды ораза ұстауға үйрет. Рамазан кезінде себеп-салдарсыз ауыз ашуға жол берме. Егер сен оразаны тіпті бір күн болса да әдейі бұзсаң, тәубаға келіп, орнын толтыруға міндеттісің. Сондай-ақ, кімде кім Рамазан айында күндіз әйелімен жақындасса, ол күнәні өтеу шарасын орындауы керек. ол үшін екі ай бойы үзбей ораза ұстау немесе 60 жоқ-жітікті тамақтандыруы қажет.
  13. Менің мұсылман бауырларым, Рамазан айында оразаны бұзудан сақтан. Бұл туралы басқаларға айтудан да сақтан, себебі, оразаны бұзу – Аллаға қарсы шығу, Исламды менсінбеу және адамдар алдындағы ұятсыздық. Оразаны ұстамаған адамдар рамазан айы аяқталғаннан кейін болатын әрі құлшылықтың символы ретінде есептелетін ұлы қуанышпен шатыққа толы мейрамнан құр қалатынын біл.

Мұхаммед ибн Джамиль-Зинудің «Ораза туралы» кітабынан ықшамдап аударған дінтанушы Әнуарбек қажы ДӘУЛЕТКЕЛДІҰЛЫ

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары