Мерекелік акция

Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Алғыс айту күніне орай аудандық орталық емханада «Сенім» жастар денсаулық орталығы салауатты өмір салтын ұстану бөлімімен мерекелік акция ұйымдастырды.
Мерекелік акция барысында ақ халатты абзал жандар аудан азаматтарын қабылдады. Олардың қан қысымын өлшеді. Пайдалы кеңестер берді. Жадынама парақтарын таратты. Естелік сыйлықтар тарту етті.
Өз кезегінде акцияға қатысқан азаматтар медицина қызметкерлеріне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ол күні жалпы саны 30-ға жуық азамат дәрігерлік қабылдаудан өтті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары