Мәселенің мән-жайы түсіндірілуде

Жамбыл аудандық ауруханасының жыл басындағы мәліметіне сәйкес Аса ауылдық округі бойынша медициналық сақтандырылмаған азаматтардың саны 1608 адамды құрап отыр. Осыған орай аппарат мамандары медицина қызметкерлерімен бірлесіп аула аралап, сақтандырылмаған азаматтарға мәселенің мән-жайын түсіндіруде. 

Биылғы жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендер әлеуметтік медициналық сақтандыруға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде жарна салады. Биыл 1 АЕК – 2917 теңге. Бұл – республикалық және облыстық маңызы бар қалалардағы баға. Ал басқа елді мекендердегі бірыңғай жиынтық көлемін төлеушілер оның жартысын, яғни 1458,5 теңге төлейді. МӘМС-ке жарна төлейтін басқа санаттағы азаматтардың төлемі сол қалпында сақталған. Айталық, жұмыс істейтін тұрғындар жалақының 2%-ы мөлшерінде төлейді. Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде жарна құяды. 
2021 жылы ең төменгі жалақының мөлшері өзгерген жоқ, сол 42500 теңге көлемінде қалды, демек, бұл санаттағы азаматтардың да сақтандыру қорына беретін жарнасы бұрынғыдай  – 2975 теңге. Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар табысының 2%-ы мөлшерінде жарна салады, ең жоғарғы төлем – 8500 теңге. Бұдан өзге азаматтардың 15 санаты бар. Арнайы жеңілдігі бар бұл тұлғаларға жарнаны мемлекет төлейді. МӘМС жарнасын екінші деңгейлі банктер және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы, «Казпочта» АҚ бөлімшелерінде, төлем қабылдау терминалдары мен (Qiwi, Kassa24 және т.б.) төлеуге болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары