КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЯ МЕРЕКЕСІ – ТЖ!

2019 жылдың 19 қаңтарында болатын Крещение Господня православ мерекесіне байланысты Есіл өзені мен Үлкен Тораңғұл көліне бірден көп адам шығады (Явленка а. Есіл өзенінде – 150 адамға дейін, Корнеевка а. Ү.Тораңғұл көлінде – 100 адамға дейін). 

Ауаның төмен температурасына байланысты және төтенше жағдайларды болдырмау, адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында Есіл ауданының ТЖ бойынша бөлімі азаматтарға іс-шараны өткізу орнына барғанда, суды алған және суға шомылғанда, жағаға шыққанда және іс-шараны өткізу орнынан қайтқан кезде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады.

Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 35-45 см болғанына қарамастан, адамдардың мұз астына кетуін болдырмау мақсатында келесі қарапайым ережелерді сақтау керек:

- көп адам жиналмау үшін мұзға шыққан кезде көп топ болып жиналмау;

- «иордань» немесе «купель» маңайында топ болып жиналмай, мұзға ұйымдастырушылық түрде шығу;

- мұзда болу аумақтарынан шықпау, яғни жағадан 25-30 метрден аспау;

- мұзға көлікпен шықпау;

- балаларды қараусыз қалдырмау, олардың ашық ауада болуын шектеу;

- суды көп алатын жерде, «иордань» маңайында тек қана салынған ағаш стеллаждар мен басқыштарда ғана болу;

- құлаған немесе жарақаттанған кезде, мұз астында қалмау үшін түбі бар, тормен қапталған метал кәрзеңкелер мен ағаш басқыштармен жабдықталған орындарда шомылу;

- «купельден» тыс, ашық ойықта шомылуға тыйым салынады.

Мас күйде мұзда болу аса қауіпті: сіз үсік алып, салқындау ала аласыз. Мұндай жағдайлар болған!

Егер де сіз өзіңізді нашар күйде сезінсеңіз, ойықта шомылу ұсынылмайды – бұл Сіздің денсаулығыңызға зиян әкеледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ескертетін маңызы бар жадынамаларды, мақалалар мен хабарландыруларды мұқият оқыңыз. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары