Коронавирустың емі – вакцина

Жаугершілік заманда ауылға төніп қалған жауды тойтаруға күші болмаса, халық ауылдың сыртына ұзын ағаш қадап, басына қара шүберек байлап қойған. Бұны көргенде айшылық алыс жолды жүріп келген әскер болса да ауылға кірмей, тоқтайтын көрінеді. Себебі қара шүберек ауылдың оба індетіне шалдыққанын білдіреді екен. Ауа арқылы таралатын қоздырғыш аз уақытта бір ауылды жойып жіберетін болған.

XIV ғасырда обаны «қара өлім» деп атаған. Қытайдан басталған дерт Еуропаға жетіп 50 миллион адам көз жұмған. Ал, бүгінде жаһан жұрты осы елде бастау алған коронавирус кеселімен күресуде. 
Осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам адамды ажал құштырып, сан миллиондаған адамды төсекке таңған індеттің емі әлі табылған жоқ. Десе де, ғалымдар аурудан арылудың басты себебі карантин талаптарын сақтау, екпе салдыру екенін айтады. Осыған орай, аудандық ардагерлер кеңесі аудан тұрғындарына үндеу жариялап, барша жұртты вакцина салдыруға және талаптарды қатаң сақтауға шақырды.
Осыған әрбір азамат түсіністікпен қарап, біркісідей атсалысса, аты жаман індеттен толық арылатын боламыз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары