Қызмет сапасы артады

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы көп айтылуда. Олардың ең негізгісі – медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін емдеу және алдын алуда барысында бәсекелестік орта қалыптасатыны, сол арқылы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасының артатыны.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы көп айтылуда. Олардың ең негізгісі – медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін емдеу және алдын алуда барысында бәсекелестік орта қалыптасатыны, сол арқылы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасының артатыны. Сондай-ақ, кез келген адам өзі қалаған емдеу орнына барып ем қабылдай алады. Әрине, мұндайда сол науқас өзінің және отбасы мүшелерін жергілікті жердегі емдеу ұйымдарына тіркеп, әлеуметтік мәртебелерін анықтап алуы қажет. Әрине, тұрғындар жаңа жүйенің жарна төлеу мәселесіне мән бергені жөн.
Жуырда жаңа жүйені түсіндіру мақсатында жолға шыққан аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің аудит жөніндегі орынбасары Тәуіржан Мұсаев жүйенің тиімділігі мен маңыздылығын халыққа жеткізу үшін ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тәуіржан Дүйсембекұлы, әр кездесуінде: – Жаңа жүйе 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң аясында қолданысқа енеді. Осы жылдан басталатын бұл жүйе бойынша белсенді емес тұрғындар бір ең төменгі жалақының 5 пайызын төлеп, сақтандыруды рәсімдей алады. Жұмысшылар кірісіне байланысты 2020 жылы – 1%, 2021 жылы – 2% жарна төлейді. Азаматтардың (14 категориясы бар) ішінде жаңа туған сәбилер мен 18 жасқа дейінгілер жарна төлеуден босатылады. Сондай-ақ, салық органына тіркелген жеке кәсіпкерлер 2017 жылы ең төменгі жалақыдан 5 пайыз жарна төлеген болса, 2018-2019 жылдары жарна төлемейді. Жарна төлеу екі ең төменгі жалақының есебінен 5 пайыз жарна төлеу 2020 жылы басталады, – деп нақты мәліметтерді келтірген ол жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға орнықты жауаптар қайтарды. Тәуіржан Дүйсембекұлының халықпен кездесулері алдын ала белгіленген кесте бойынша өтуде. Қаракемер ауылында өткен жиынға біз де куә болғанбыз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары