ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА

Күні кеше өңірде аудан әкім­ді­гінің жанынан құрылған мони­торингтік топтың ұйымдасты­руымен ірі сауда орындарына, дүкендер мен кафелерге кезекті рейд жұмыстары жүргізілді.

Күні кеше өңірде аудан әкім­ді­гінің жанынан құрылған мони­торингтік топтың ұйымдасты­руымен ірі сауда орындарына, дүкендер мен кафелерге кезекті рейд жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев бастаған шұғыл топтың құрамында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары болды. Олар Аса, Гродиково, Полатқосшы ауылдық округтерін аралап, бірқатар бей-жай қарауға болмайтын келеңсіз көріністерге тап болды. Шұғыл топтың байқағаны, Гродиково ауылдық округінде тұрғындар мен саудагерлер еш алаңсыз, бетпердесіз, сақтық шараларын ысырып қойып сауда жасаса, Жалпақтөбе ауылында да дәл сондай олқылықтар орын алған. Анықталған кемшіліктер бойынша 4 нысан үйлестіру орталығына зерделенуге жіберіліп, 2 азаматқа хаттама толтырылды.
Рейд мақсаты – халыққа қызмет етіп отырған сауда орындары мен бизнес нысандарындағы санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау, коронавирус індетінің алдын алу. Өкінішке орай, халықтың амандығына негізделген ортақ мүддеге әлі де немқұрайлы қарап, қағидаларға құлақ аспай жүрген адамдар аз кездеспейді. Сауданың жолын биік қойып, тиісті талаптарды ысырып тастайтын кәсіпкерлердің, ескертулерді тыңдамайтын тұрғындардың іс-әрекеті қынжылтады. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары