Індетті жеңудің жалғыз жолы – екпе

Вакцинациялау коронавирус инфекциясының таралуына қарсы негізгі фактор болып табылады. Қазіргі таңда екпеге қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаппай егу елімізде кең көлемде жүргізілуде. Екпе ағзада иммунитетті қалыптастырып, инфекцияның одан әрі таралуын шектейді.

Вакцинациялау коронавирус инфекциясының таралуына қарсы негізгі фактор болып табылады. Қазіргі таңда екпеге қолжетімділікті қамтамасыз ету және жаппай егу елімізде кең көлемде жүргізілуде. Екпе ағзада иммунитетті қалыптастырып, инфекцияның одан әрі таралуын шектейді.
Аты жаман аурудың клиникалық белгілері: құрғақ жөтел, шаршау, иіс сезу мен дәм сезудің жоғалуы, мұрын бітелуі, көз қызаруы, тамақтың ауруы, бас ауруы, бұлшық ет пен буындардың ауруы. Ал, ең ауыр түрінде ентігу, тәбеттің жоғалуы, дене қызуының 380-тан жоғары болуы, жалпы әлсіздік пайда болады. Коронавирус сыртқы ортада жоғары температурада өледі, дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға төзімсіз. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін сақталады.
Тарихқа көз жүгіртіп қарайтын болсақ, әлем ауыр індеттерден вакцинаның арқасында ғана арылған. Бір сөзбен айтқанда, шешектен, полиомиелиттен вакцина құтқарған. Сондықтан да қауесет сөзге назар аудармау қажет. Екпе егу алдында дәрігер мұқият тексеріп, егер ешқандай ауру белгілері жоқ болса, вакцина салдыруға рұқсат береді. Екпе егілгеннен соң 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Одан кейін 3 күн бойы учаскелік дәрігер бақылауға алады. Екпе алған адамда қорғану қабілеті бірден пайда болмайды. Ағзаның ерекшелігіне қарай антиденелер әрқалай қалыптасады. Кей адамдарда антидене 2 күннен кейін, ал кей жағдайда одан да көп мерзімде пайда болады.
Негізі, 2 рет алынған вакцинадан кейін де мұқият болған жөн. Аурудың алдын алу шараларына басымдық беру керек. Залалсыздандыру құралдарын қолданып, әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды болып қала береді.
Бүгінде екпе салдырған медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден, басқарма мамандарынан кері әсер байқалмады. Сондықтан да аудан тұрғындарын жаппай коронавирусқа қарсы екпе салдыруға шақырамын.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары