«ЙАҚЫН ИНКАР» ҰЙЫМЫН ЭКСТРЕМИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ

Бас прокуратура Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының негізінде құрылған «Йақын Инкар» ұйымының еліміздегі заңсыз қызметін анықтады.

Көрсетілген ұйымның шынайы мақсаты – жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.Аталған ұйымның ұстанушылары қақтығысқа алып келу мүмкіндігін біле тұра өзге діндерді жоққа шығаруда, бұл әрекеттер діни экстремизм ұғымының белгілеріне сай келеді.

 

«Йақын Инкар» мүшесі болған Қазақстанның жекелеген тұлғалары біздің еліміздің аумағында экстремистік әрекет жасағандықтары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған (Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 10.04.2018 жылғы үкімі).

Қылмыстық істер шеңберінде осы ұйым мүшелерінің Қазақстан аумағында топтар құру ниеттері болғандығы анықталды.

Осындай негіздер бойынша «Йақын Инкар» ұйымы Қырғызстанда экстремистік деп танылған.

Осыған байланысты, Астана қаласының прокуратурасы, «Прокуратура туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін іске асырып, сотқа «Йақын Инкар» ұйымын экстремистік деп тану туралы арызбен жүгінді.Астана қаласының Есіл аудандық сотының 10.10.2018 жылғы шешімімен аталған арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Сотпен «Йақын Инкар» ұйымының әрекеті экстремистік деп танылып, оған Қазақстан Республикасының барлық аумағында, соның ішінде ақпараттық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникация, әлеуметтік желілері, мессенджерлер және бейнехостингтер арқылы таратуға тыйым салынды.

Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді.

«Қатысу» әрекетіне «Йақын Инкар» ұйымының идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

«Қаржыландыру» ұғымына «Йақын Инкар» ұйымына ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырымдылық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады.

Қазақстан Республикасының Бас

прокуроры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiң және қоғамның тұрақтылығына қауiп төндiретiн Қазақстан қауiпсiздiгiнiң жүйелi қауiп-қатерi болып табылады.

ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Сыбайлас жемқорлық — бұл  мемлекеттiк  мiндеттердi орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерiнiң лауазымды құзыреттерiн және онымен байланысты мүмкiншiлiктi немесе өз құзыреттерiн басқаша пайдаланып мүлiктiк пайда алу үшiн заңмен  мүлiктiк жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар— бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда  көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер. 

Пара алу - бұл ең қауiптi лауазымды қылмыстардың бiрi, әсiресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нәтижесi бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы.

Пара беру- лауазымды адамды қандайда бiр артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекетi (әрекетсiздiгi) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметiне жол берушiлiкке бейiмдеуге бағытталған қылмыс.

С.Артықбаев, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

Коррупция

Коррупция как негативное явление знакома всем странам мира. Известно также, что подлинного экономического процветания достигают лишь те государства, где коррупционные явления сведены к минимуму. Было бы ошибочно понимать под коррупцией банальную взятку, которая является только одной из разновидностей этого преступления.

Коррупция сегодня — это получение материальных и юридических преимуществ путем обхода законов в своих интересах, это и решение локальных частных проблем за счет «своих» людей. 

Для борьбы с коррупцией в Республике сформирована законодательная база, а именно: Закон «О борьбе с коррупцией», Указ Президента «О мерах по усилению борьбы с коррупцией, укреплению дисциплины и порядка в деятельности госорганов и должностных лиц», а также ряд программ, нацеленных на сокращение размеров теневой экономики, борьбу с правонарушениями в сфере экономики и т.д.

Сегодня в нашей республике все государственные органы и должностные лица в соответствии с Законом в пределах своей компетенции обязаны вести борьбу с коррупцией.

Вместе с тем борьба с коррупцией не станет результативной, если само общество, каждый гражданин не проявит решимость противостоять коррупции, а государственное управление не будет компетентным и эффективным. Недоверие граждан к государственной системе усиливается с каждым новым шагом по укреплению на своих позициях коррупции. Эти обстоятельства создают необходимость налаживания «диалога» с гражданами, что, тем не менее, затрудняется нежеланием самих граждан признаваться в совершении коррупционных актов поведения. Тогда как граждане в основе своей не считают такие действия преступлением, а тем более коррупцией. Когда все эти явления превращаются в систему, то это уже не воспринимаются как правонарушения. Возникает парадокс. С одной стороны граждане готовы бороться с коррупцией, а с другой же сами и поощряют ее. В свою очередь, учитывая, что для решения данной проблемы необходимо участие, и граждан и государства, важно осознание того, что подкуп должностных лиц, также является уголовно наказуемым деянием.

Подводя итоги, хотелось бы отметить, что в нашем обществе нет места коррупции. Добиться эффективного противодействия этому явлению можно только, объединив усилия всех институтов гражданского общества. Только так мы сможем реализовать национальную идею вхождения в число наиболее конкурентоспособных государств.

Т.Спатаева, руководитель отдела УГД по Сарысускому району

 

Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. 

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

 «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Жаңа жыл қарсаңында

Әдетте жаңа жылдық мереке әр отбасында, жақындарының жанында, мерекелік дастархан үстінде тойланады. Бірақ осындай мейрамды жұмыс орнында қарсы алатын қызметкерлерде аз емес, олар жөнінде де ұмытпаған жөн. Солардың бірі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, себебі бұл күндері өрт, тағы басқа төтенше оқиғалар саны күрт өседі.  Қазіргі уақытта Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, мерекелік шаралар ұйымдастырылатын мекемелерде  өрт-техникалық тексеру өткізіп, жауапты адамдарға нұсқаулықтар беруде.Соңғы жылдары фейерверк, жарылғыш және тағы басқа пиротехникалық заттарды қолданудан шыққан өрт жағдайлары да жиі тіркеледі. Қауіпті ойыншықтармен ойнап, әртүрлі дәрежедегі күйік, жарақат алған балалар мамандарды алаңдатуда. Облыстық күйік орталығының мамандарының айтуынша бұл күндері күйік орталығына жарақат, күйік алып түскен  балалардың  саны өседі.

Жаңа жылдық және мерекелік күндердің қарсаңында облыстың елді мекендерінде орналасқан сауда базарларында азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдардың сатылуы мен қолданылуы жүзеге асырылады. Саудаға түсетін пиротехникалық өнімдердің басым көпшілігі сертификатталмаған  болады және арнайы белгіленбеген орындарда сатылады. Тұрғындардың аталған пиротехникалық өнімдерді қолдануы олардың әртүрлі дәрежелі термиялық жарақаттар алуы мен өрттің пайда болу қаупін тудырады.Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2011 жылы 7 қарашасында бекіткен №1303 «Азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау, есепке алу, қолдану, тасмалдау, жою, әкелу және шығару ережелері» туралы Қаулысының 19 және 31 тармақтарының талаптарына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды үнемі және уақытша сақтауға арналған қоймалар және жаңадан іске қосылған қоймалар аумақтық ішкі істер органдарында тіркелуі тиіс, сондай-ақ аталған бұйымдарды сақтау ішкі істер органдары рұқсатының негізінде жүзеге асырылуы қажет.  Сонымен қатар, пиротехникалық өнімдерді олардың сақталуын қамтамасыз ететін, күн сәулесі мен атмосфералық ылғалдылықтың тура түсуіне жол бермейтін дүкендерде, павилондарда, дүңгіршіктерде сатуға болады және аталған сауда орындары өрт дабыл қондырғыларымен,  алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.

Жылда сауда орындары арқылы жергілікті және шетелдік (Ресей, Қытай, Корей және т.б.) жерлерде дайындалған түрлі пиротехникалық заттар сатылуда. Пиротехникалық заттардың бақылаусыз сатылуы және оны қолдануда өрт қауіпсіздігінің бұзылуы көптеген өрттердің, адам өлімі, күйік, жарақат алуына себеп болуда. Өрт қауіпсіздігі Ережесіне сәйкес осы мақсатқа лайықталған дүкендерден басқа сауда орындарында, базарларда пиротехникалық заттарды сатуға тиым салынады. Сонымен қатар 14 жасқа толмаған балаларға және сәйкестік сертификаты, қолдану нұсқаулығы жоқ заттарды сатуға тиым салынады. Сол себептен қызықты мерекелеріңіздің шырқы бұзылмасын десеңіздер, пиротехникалық заттарды сатып алардан бұрын мына төмендегі кейбір ережелерді естен шығармағандарыңыз жөн. Аталған заттарды қолайлы сақтау қоймасы бар, тек арнайы дүкендерден алыңыздар, ешқашан базарлардан, қолдан алуға болмайды. Себебі дұрыс сақталмаған пиротехникалық заттар қолданыста бірден жарылмауы немесе қолда бірден жарылуы мүмкін.  Заттарда сәйкестік сертификаты және толық жазылған қолдану нұсқаулығы болуы тиіс. Нұсқаулықтың мәтіні қазақ немесе орыс тілінде айқын, көзге көрінетіндей болуы тиіс. «Абай болыңыз» деген ескерту жазуы ерекше шрифпен жазылады. Сыртқы орауында міндетті түрде заттың атауы, сауда маркасы, дайындалу мерзімінің болуын қадағалаңыз. Сонымен пиротехникалық заттарды сатып аларда абай болыңыздар, сапасына, сертификатына аса көңіл аударып, қолдану кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін естен шығармаған жөн. Балаларға осы бір қарағанда қауіпсіз, көркем заттар дұрыс қолданбаса қандай зардаптарға әкелетіні жөнінде түсіндіріңіздер.

А.Ермекбай, Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Маман кеңестері

Фаст-Фудтан қорғаңыз

Фаст-фуд несімен зиян? Фаст-фуд дайындау үшін шикізат ретінде қолданылатын әртүрлі азық-түліктер құрамына және дайындау технологиясының ерекшелігіне қарай әртүрлі ағзаларға қандай да бір деңгейде зиянды әсерін тигізеді.Іш май, қалдықтар және кесінділер, әртүрлі консерванттарды, бояуыштарды, хош иістендіргіштерді, дәмдеуіштерді қолдану, қант немесе тұзды көп мөлшерді қолдану жоғары сұрып ұннан жасалған борпылдақ «бос» бөлкелер қуыру кезінде майды бірнеше мәрте қолданудың бәрі фаст-фудтың өсіп келе жатқан организмге зиянды әсерін анықтайды.

Қандай жиілікпен балаға фаст-фудты беруге болады? Ең дұрыс шешім фаст-фудты тамақ мәзірінен мүлдем алып тастау. Фаст-фудты дайындау технологиясының және оны дайындайтын шикізатты ерекшелігі оның денсаулыққа кері әсерін анықтайды. Тез дайындау мейрамханаларында тағамға натрий глутаматын көп мөлшерде қосады, ол дегеніңіз қауіпті жасанды дәмді күшейткіш, оны жиі қытай тұзы деп атайды.

Балалар фаст-фудты бір рет жегеннен кейін, оны әрдайым сұрайтын болады. Фаст-фуд орындарында айына 1-2 рет тамақтану денсаулықа аса зиян келтірмейді деп есептеледі. Бірақ жиі тұтыну аптасына 1-рет және одан жиі, ерте ме, кеш пе, гастритке, бауырдың жұмысының бұзылуына, семіздікке, қанайналымы жүйесінің ауруларына әкеледі.

Сонымен сіздер көптеген тұтынушылар дәмдік қасиеттері үшін ұнататын, баршаға мәлім пайдасыз азықтарды пайдалы және дәмдік қасиеттері бойынша қалыспайтын түрлеріне еш қиындықсыз ауыстыруға болатынын көріп отырсыздар. Егер Сіз оларды дайындап, жұмысыңызға алсаңыз, онда тез жүрек жалғаумен қатар сапалы тамақтанасыз.    

Қ.Мадемарова, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы

Ботулизм -қауіпті дерт

Аудан тұрғындары жыл сайын үй жағдайында даярланған тамақ өнімдерін қолдан жасалған (консервіленген маринадталған саңырауқұлақ, қияр, тұздалған қақталған балық, көкөністен, жемістерден, еттен жасалған консервілер, үйде дайындалған шұжықтар сияқты сапасыз тағамдарды ішіп, жегеннен кейін ботулизмнің жағдайлары тіркеледі . Уланудың себебі дайындау технологиясы бұзылған үй жағдайында консервіленген өнімді пайдалану болып табылады . Ботулизм аурушандығы негізінде жылдың күз-қыс мезгілінде, яғни консервіленген тамақ өнімдерін жаппай пайдалану кезінде тіркеледі. Ботулизм өлімге ұшырау мүмкіндігі зор тамақтан уланудың ауыр түріне жатады.

Есте сақтаңыздар: Уланудың алғашқы белгілері ботулинус микробы бар тағамдарды ішіп жегеннен кейін 3-4 сағаттан соң, кейін 8-9 күннен кейін басталады. Ботулизмге тән белгілер: ауырған адам әлсізденіп, басы ауырады, асқазаны толып, жүрегі айнйды, құсады, үлкен дәреті жүрмейді немесе іші өтеді. Дене қызуы көтерілмейді, ботулизммен ауырғанда нерв жүйесінің, зақымдануының ерекшелігі сол адамнан көзінің көруі нашарлап, бұлдырайды, заттар қосарланып көрінеді, көздің қабағы түсіп, дауысы қарлығады, тіпті дауысы шықпай да қалады. Тамақтың жұтынуы және бұлшық еттерінің қозғалысы ауырлайды. Жүректің жұмысы нашарлап, көбіне оның соғуы жиілейді, ал жүрек соғуының баяулауы сирек болады. Ботулизммен ауырған адам есінен айырылмайды. Адам тыныс алу орталығының параличінен өліп кетеді, ал ботулизммен жеңіл ауырған адамның өзі өте баяу айығады тіпті мүгедек болып қалуы да мүмкін.Осы белгілердің барлығы қалыпты дене температурасы кезінде дамиды Аурудың осындай белгілері біліне басталысымен тез арада жедел жәрдем шықырып, емханаға жеткізілгені абзал.

Ботулизмнің алғашқы белгілері білінісімен тез арада дәрігер шақыртып ауруханаға орналасудан бас тартпау қажет. Өйткені ботулизмге қарсы сыворотка жіберіп ерекше ем жасалыну керек. Осы ем тезірек жасаса, одан ерте сауығады. Профилактикалық мақсатта, күдікті тағамды асқа пайдаланған адамға да сыворотканың 1-2 дозасы жіберіледі.

Құрметті аудан тұрғындары алайда, осы жағдайларды болдырмау үшін мына жағдайларды үнемі есте сақтау керек:

1) Түсі, дәмі өзгерген өнімдерді тамаққа қолданбау

2) Рұқсат етілмеген көше сауда орындарындағы жеке тұлғалардан үй жағдайында консервіленген өнімдерді сатып алмау ( балық ет -өнімдерін консервіленген көкөністер мен саңырауқұлақтарды )

3) Тамақ өнімдерін сақтаудың температуралық режимін сақтау ( Үй консервілерін 0+3 С температурада сақтау керек және қақпағы көтерілген банкілерді жарамсыз деп танып, жою қажет)

4) Ұй жағдайында тамақ өнімдерін даярлау технологиясын қатаң сақтау (шикізаттарды ,банкілерді өндеу ,азық-түліктерді жоғарғы қызуда өңдеу )

5) Егер де сапасыз өнімдерді тамаққа қолдану қажеттілігі туса,оларды жоғары қызуда өңдегеннен кейін ғана пайдалануға болады.

Көшеде рұқсат етілмеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған консервілерді сатып алу өте қауіпті. Сізге ешкім оның сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды.

Ботулизмнің алғашқы белгілері пайда болған кезде өз бетіңізше емделмей, бірден медициналық көмекке жүгініңіздер. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңізді дер уақытындағы арнайы (спецификалык) медициналық көмек қана аман сақтап қала алады.

У. Амитов, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының

 маманы.

Советы врача

Схема обследования

1. Осмотр белья   - Его можно проводить ежедневно. Если выделения из соска скудные, то скорее всего Вы их не заметите на поверхности соска, но могут оставаться следы на бюстгальтере.

2. Вид молочных желез- Разденьтесь до пояса, встаньте перед зеркалом. Встаньте в свободную позу, опустите руки вдоль туловища, либо поставьте на пояс.

Внимательно осмотрите себя. Обратите внимание на обе молочные железы - расположены ли они на одном уровне (одна молочная железа может быть немного больше другой - это нормально).

Обратите внимание на молочные железы по отдельности - не изменена ли форма, величина, контуры. Обратите внимание на состояние кожи молочной железы - нет ли покраснения, втяжения, выбухания, участков типа «лимонной корки», изъязвлений. Проверьте, эластична ли кожа молочной железы - легко ли собирается в складку. Поднимите руки вверх, заведите руки за голову, повернитесь вправо, влево, наклонитесь вперед, посмотрите, равномерно ли перемещаются молочные железы. С поднятыми руками обратите внимание на подмышечную область. Посмотрите, нет ли там участков выбухания, втяжения, покраснения.

3. Пальпация (ощупывание) молочных желез. Первый этап пальпации следует проводить в положении стоя. Молочные железы следует ощупывать по отдельности. Если Вы хотите начать с левой груди, то нужно поднять левую руку, завести ее за голову, а все действия выполнять правой рукой. Четыре пальца правой руки (кроме большого пальца, который в пальпации не участвует) должны быть сомкнуты и выпрямлены. Ощупывать молочные железы нужно подушечками пальцев, как наиболее чувствительной зоной.  Начните с верхней части груди и дальше следуйте по часовой стрелке, постепенно, по спирали приближаясь к соску.  Сначала производится поверхностная пальпация, то есть молочные железы ощупываются не глубоко, пальцы не погружаются в ткань железы, а почти гладят её с небольшим давлением - таким образом, легче выявить небольшие подкожные образования. Потом проводится более глубокое ощупывание с более сильным надавливанием на ткань железы. Для того чтобы произвести пальпацию правой молочной железы, соответственно нужно поднять и завести за голову правую руку, а все действия выполнять левой.       Второй этап пальпации проводится в положении лежа. При этом молочные железы как бы распластываются по грудной стенке. Порядок действий и техника такие же, как при выполнении первого этапа. Отдельно ощупывается подмышечная область. Выполняется ощупывание подмышечной области противоположной рукой, при этом рука со стороны исследуемой подмышечной области свободно опущена вдоль туловища.

Обращать внимание нужно на любое уплотнение, болезненные участки.

4. Исследование области соска -Осматривая соски, следует обратить внимание, нет ли изменений их формы и цвета, не втянуты ли, нет ли изъязвлений или трещин. Ощупывается область ареолы (вокруг соска) - нет ли уплотнения или болезненности в этой зоне. Последним этапом нужно взять сосок между большим и указательным пальцами, надавить на него (как бы «сдаивая»), после чего посмотреть, есть ли какие-либо выделения, если есть, то запомнить цвет, консистенцию, запах. Если у Вас возникли какие-либо подозрения по поводу состояния Ваших молочных желез, как можно раньше обращайтесь к врачу. Не занимайтесь самодиагностикой и самолечением, поскольку из-за этого Вы можете потерять драгоценное время. Помните, чем раньше выявлено любое заболевание, тем легче с ним справиться, и зачастую зависит от Ваших действий

Дисгормональная дисплазия молочных желез, как и ряд доброкачественных заболеваний, особенно с атипической пролиферацией эпителия, может являться предшественником рака молочной железы. Риск рака возрастает при дольковой и протоковой гиперплазии, множественных больших кистах. Раннее выявление рака является важной стратегией снижения смертности от этого заболевания и является целью программ скрининга, проводимых в целом ряде стран. Внимание к своему здоровью и регулярное обследование молочных желез позволяет своевременно выявить рак, предотвратить развитие запущенных форм рака молочной железы и дает шанс на излечение при ранних стадиях. Обследуйтесь своевременно!

А.Жалимбетова,

 онколог

Қоғам болып қолға алайық

Жемқорлық-қоғам дерті

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп - өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдылықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық салдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (ары қарай мәтін бойынша – ҚК) және (немесе) 18 қараша 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға (ары қарай мәтіні бойынша – Заң) сәйкес, сонымен қатар басқа да заңдарға сай жүзеге асырылады.      

Президенттің жолдауында да белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды. Соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Иә, расында кей жағдайда өмірде ұсақ нәрселердің еленбеуі, кейін уақыт өте келе адамға опық жегізіп, сан соқтырып жатады. Ендеше, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Респуб-ликасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.

О.Сейтбаев, аудандық сот кеңсесінің бас маманы,

судьялар одағының мүшесі

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары