Денсаулық – баға жетпес байлық

Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық.

Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отыр.
Баланың дені сау, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға сәби шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына кепіл болады.
 «Жәнібек» бөбекжай-бақшасының кезекші «Қарлығаш» және «Көгершін» топтарында бүлдіршіндердің денсаулығын нығайту, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарай білуге, әр баланы салауатты өмір салтын ұстануға баулу жұмысы қамқор қолға алынған. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар қимыл әрекеттерін орындауда дене шынықтыру нұсқаушысының көрсеткен үлгісін дәл орындауға талпынды. Қазіргі пандемия режимі кезінде аты жаман аурудан сақтану талаптарына сәйкес бөбекжай-бақшада балалармен таза ауада серуендер ұйымдастырылып, дене шынықтыру жаттығулары орындалады. Тәрбиеленушілер арасында мәдени-гигиеналық талаптар қатаң сақталады. Сонымен қатар шектеу шараларына жете көңіл бөлінген.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары