ДӘРІГЕРЛЕР 180 АЗАМАТҚА КӨМЕК БЕРДІ

Алғыс айту күніне орай Жамбыл аудандық емханасының дәрігерлері күні бойы «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымданып қайырылған тұрғындарды қабылдады. 

Алғыс айту күніне орай Жамбыл аудандық емханасының дәрігерлері күні бойы «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығына шағымданып қайырылған тұрғындарды қабылдады. 
Тұрғындарға кардиолог, невропатолог, оташы, акушер-гинеколог, ВОП, әлеуметтік, психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлімінің ақ халаттылары қызмет көрсетіп, кеңес берді.
Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтың айтуынша, мейірім мерекесіне ұйымдастырылған шарада қараша халықтың қарасы қалың болған.
 – Бүгін 180 азаматқа көмек көрсеткен дәрігерлер тек кеңес беріп қана қоймай, олардың денсаулықтарын тексеріп, нақты анықтамалары туралы қажетті ақпарат берді. Сондай-ақ тұрғындарға айтулы мерекеге орай сый-сияпаттар үлестірілді, – деді Нұрмахан Досмұханұлы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары