Бастысы – індеттің өршуіне жол бермеу

Атын естігенде күлкіңді тыйып, күдігіңді көбейтетін Covid-19-дың әлемді әлекке салғанына жылға жуық уақыт болды. Алғаш Қытайдың Ухань қаласынан тараған кеселге бей-жай қарағанымызбен, қазіргі қоғамда вируспен бірге өмір сүріп келеміз. Бастапқыда «қорыққанға қос көрініп», аласұрған жұрт бүгінде бейқам қалыпқа көше бастағанын көз көріп жүр. 

Дегенмен, індеттің алдын алу мақсатындағы шаралар үздіксіз жүргізілуі қажет. Әсіресе, карантин талаптарын қатаң сақтауымыз керек. Бұл туралы жуырда аудандық ардагерлер кеңесі жариялаған үндеуінде де айтылды. Сонымен қатар бірінші ақпаннан бастап елімізде жүргізіліп жатқан вакцина салдыру мәселесі де сөз болды. Негізі, екпеге қатысты көптеген қаңқу әңгімелер айтылып жүр. Алайда көптеген аурудың алдын алуда вакцинаның ықпалы зор екенін естен шығармайық.   
«Қай жерің ауырса, жаның сол жерде» деген сөзге сүйенсек, ағзаның мың құбылған вирус әсерінен түгел зақымданғаны жақсы емес. Сондықтан жанның амандығы үшін денсаулыққа бейқам қарамаған абзал. Өйткені саулық – сақтықта!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары