Бала өлімін болдырмау мақсатында

Аудандық емхананың акт залында ана мен бала өлімін болдырмау және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша кезектен тыс штаб отырысы өтті.

Аудандық емхананың акт залында ана мен бала өлімін болдырмау және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу бойынша кезектен тыс штаб отырысы өтті.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов қатысқан отырысты аудандық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықов жүргізді.
Күн тәртібінде 2018 жылдың 5  айындағы аудан бойынша нәресте өлімін талдау, бала өлімін азайту мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар, кәмелет жасына толмаған қыз балалар арасындағы жүктілік деңгейі, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу мәселелері қаралды.
Ана мен баланың денсаулығын қорғау туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Кубеева баяндама жасады.
– Осы жылдың 5 айында аудан бойынша 746 нәресте, былтыр осы уақыт мерзім ішінде 733 сәби дүниеге келген. Бес айдың ішінде 1 жасқа дейінгі шетінеген бала саны – 10, оның ішінде облыстық перинаталдық орталықта – 5 (салмағы 2500-ден төмен), облыстық балалар ауруханасында – 2 (ОНМК, НЭК), Жошыбаев клиникасында – 1 (жүрек ақауымен туылып, операциядан кейін шетінеген), аудандық ауруханада – 2 (біріншісі өмір сүруге қабілеті болмаған,  екіншісі жүрек ақауымен туылған). 2017 жылы осы мерзім ішінде 4 бала облыстық перинаталдық орталықта шетінеген. Барлық шетінеген балалардың өлімін алдын алу мүмкіндігі болмаған, –  деді баяндамашы.
Келесі мәселе бойынша аудандық аурухана бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Н.Кезенбаев баяндады.
Штаб отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, олардың орындалуын бақылау аудандық аурухананың бас дәрігері Алтай Саурықовқа жүктелді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары