Аурудың алдын алу мақсатында

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында «Ұлттық сараптама орталығы» аудандық бөлімшесінің қызметкерлері бүгінде қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Бұны біз бөлімшеге жұмыс бабымен барғанымызда көрдік. Іс басында жүрген мекеме басшысы Талғат Бөлекбаевпен тілдесіп, дайындық жұмыстары туралы сұрап білдік.

– Жылда біз екі мезгілде түрлі әдістерді қолдану арқылы залалсыздандыру жұмыстарын жүргіземіз. Нәтиже жаман емес. Былтыр Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша ауданда адам өлімі тіркелген жоқ. Қазір жауапты науқанға әзірлікті пысықтап жатырмыз. Мамандарымыз тас-түйін дайын. Қажетті техникалар да жеткілікті. Жұмыс жоспарға сәйкес атқарылуда.
Сақтықта қорлық жоқ. Аудан азаматтары табиғат аясына шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап жүргендері абзал. Кене шаққан жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде медициналық емханаға қаралуы қажет, – деді Талғат Балтабайұлы бізбен әңгімесінде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары