Ауыл жастарының игі ісі

Қиыншылық адамдарды біріктіреді. Дәл қазір бүкіл әлем коронавирус індетімен күресіп жатыр. Адамдар бір-біріне қолдан келгенше көмектесіп, қолдау көрсетуде. Біздің елде де солай. Ел азаматтары бірігіп, мұқтаж жандарға көмектесу мақсатында түрлі акция, челлендждер ұйымдастыруда.

Жамбыл ауданында Аса ауылының жастары өзара бірлесіп, игі істі қолға алды. Ауыл жастарының демеушілігімен аудандық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков қайырымдылық шарасын өткізді. Көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған он отбасына азық-түліктер үлестірді.
– Біз бұлай бірлігімізді, бәріміз бір екенімізді көрсетіп жатырмыз. Қайырымдылық шарасына өзге ауылдардың жастары да үн қосса дейміз. Біз біргеміз! – дейді асалық белсенді жас Жандар Жақсылық.
Өз кезегінде көпбалалы ана Шарипа Романова ауыл жастарына аналық алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
Ал, Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы: «Бұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Игі іске иілген жастарымызға рақмет. Алла сауаптан жазсын», – деді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары