Амандыққа ештеңе жетпейді

Қазіргі таңда жаһан жұрты тәж вирусының алдын алу мақсатында барлық шараны қолға алып, үздіксіз күрес жүргізуде. Елімізде де бұл бағыттағы шаралар өз деңгейінде жүзеге асуда. Негізі, кез келген аурудың алдын алуда вакцинаның ықпалы зор. 

Күні кеше аудандық ардагерлер кеңесі «Қауіп әлі сейілген жоқ» атты аудан тұрғындарына үндеуін жариялады. Онда аудан тұрғындарын ынтымақ пен береке-бірлікке шақыра отырып, сын-қатерден аман өтудің жолын нұсқаған бағалы тұжырымдама айтылған. Сондай-ақ, екпе егудің маңыздылығы туралы да сөз қозғалған.
Бүгінде тұтқиылдан келген жаман індет барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отыр. Әлем мемлекеттері бұл дертке бірлесе дауа іздеп, ортақ мақсат жолында бірлесіп әрекет етуде. Біз де игі мақсаттағы іс-шаралардың барлығына бүкіл халық болып қолдау көрсетуіміз керек.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары