Алғашқы шипа – темірдей тәртіп

Ата-бабаларымыздың аты жаман кеселмен талай рет бетпе-бет келіп, қынадай қырылғанын естігенмін. Енді міне, бізде сондай қауіпті аурудың алдында тұрмыз. Өткен жылғы көктемде басталған індет лезде жер жаһанды шарлап кетті. Небәрі бір жылдың ішінде сан миллиондаған азаматты төсекке таңып, екі миллионнан астам отбасына қайғы әкелді. 

Бүгінде әлем елдерінде коронавирус кеселінің екінші толқыны жүріп жатыр. Қазіргі таңда ауруды жұқтырғандардың саны қайта артып, сақтық шаралары күшейтілуде. Әсіресе, Еуропа елдеріндегі эпидемиялық ахуал асқынып барады. Осыған орай біз де сақтық шараларына ерекеше мән беруіміз керек.
Осыдан біраз күн бұрын аудандық ардагерлер кеңесі өңір тұрғындарына үндеу жариялап, жергілікті жұртты тәртіпке шақырды. Әрине, бұл өте орынды бастама. 
Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген. Бұған дейін ара-тұра ел аузында айтылып жүрген осы қорғасын ойдың дәл қазіргі уақытта біздің ел үшін құны алтыннан да қымбат екені байқалып отыр.
Тәртіпке бас иіп, қауіпсіздікті қаперден шығармайық. Туған-туыспен ақылдасып, бір-біріңіздің ойыңызды мақұлдасып, той-жиынды кейінге шегеріп, көпшілік жерлерде абай болайық, бетперде тағуды естен шығармайық. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген елдің ұрпағымыз. Ауруды берген Алла шипасын да беретініне сенімді болайық. Ал, алғашқы шипа – темірдей тәртіп.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары