Ақ халаттылар мерекесі

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлерлер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз болар.

Маусым айының 16-шы жұлдызында аудандық орталық аурухананың акт залында медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты мерекеде аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Әбілқайырова өз өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ желеңді абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтады.

Денсаулық сақтау саласында адал ниет еңбектері, биік кәсіпкерліктері үшін және Медициналық қызметкерлер күнін атап өтуге орай аудан әкімінің Құрмет грамотасымен Айыртау орталық аудандық ауруханасының медициналық тіркеуші Динара Сейдахметова, Айыртау орталық аудандық ауруханасының медициналық статистигі Ольга Астафьева, Айыртау орталық аудандық ауруханасының дәрігер педиаторы Лариса Гартунг, Айыртау аудандық орталық ауруханасының санитары Нұржамал Жетібаева,  Айыртау аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Гүлден Қозбақова, Айыртау аудандық орталық ауруханасының дәрігер оториноларинголог Юлия Воронкина, Айыртау аудандық орталық ауруханасының бухгалтері Татьяна Филипьевалар марапатталса, Айыртау аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімшесінің мейірбикесі Марина Рябченко мен Айыртау аудандық орталық ауруханасының дәрігер хирургы Ерлан Ғалымовтарға аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.   

Сондай ақ осы күні орталық аурухунаға, Имантау ауылдық округі мен Гусаковка ауылдық округтерінің амбулаторияларына автокөліктің кілті табысталды.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Саят Молдахметов те медицина қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін және медицина қызметкерлері күніне орай Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарын Айыртау орталық аудандық ауруханасының педиатор дәрігері Серік Нұғыманов пен мейірбике Айнагөз Хасноваларға табыстады. Ал Айыртау орталық аудандық ауруханасының құрмет грамоталарымен терапевт дәрігер Жанар Пірманова, психолог Любовь Рожкова, экономист Аманғали Хасенов, аурухана санитары Нина Джусупова, Егіндіағаш медициналық пунктінің мейірбикесі Сәния Қожабековалар марапатталды. 

Сонымен қатар бірнеше аталымдар бойынша дәрігерлердің еңбектері еленген болатын. Олар: «Жылдың үздік дәрігері» Алма Байсейітова, «Үздік фельдшер» Аксеновка медициналық пунктің фельдшері Галина Мелешенко, «Үздік акушер» Людмила Сатюк, «Үздік мейірбике» Марина Бирюкова, «Үздік клиникалық лаборант» Мәншүк Мәжитова, «Үздік кіші медицина қызметкері» Толқын Сүлейменова.

10 мамырда өткен «Кәсіподақ күні» мерекесіне орай Республикалық кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Шағаповқа табысталды.

Денсаулық сақтау саласында адал ниет еңбектері, биік кәсіпкерліктері үшін және медицина саласында кәсіподақтық қозғалысты дамытуға қсоқан үлесі үшін СҚО кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталарымен Айыртау орталық аудандық ауруханасының хирург дәрігері Дамир Таспулатов, Айыртау орталық аудандық ауруханасының лаборанты Людмила Шаймергенова, Айыртау орталық аудандық ауруханасының терапия бөлімінің мейірбикесі Гүлден Дәлетбаева, Имантау дәрігерлік амбулаториясының акушері Ботакөз Байпақова, Кирилловка дәрігерлік амбулаториясының жүргізушісі Генадий Алексеев, Имантау дәрігерлік амбулаториясының санитаркасы Айнагүл Жүсіповалар марапатталды.

Салтанатты кеш аудандық Ақан сері атындағы Мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары