«Айшабибі» бекетінде жағдай тұрақты

имі енгізілгені белгілі. Іңдеттің таралуы ел азаматтарын алаңдатып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеу жолдап, қажетті шаралар қолға алынғанын, жауапты органдар тиісті жұмыстарды атқаратынын, қазіргі қиындықты бірге еңсеретінімізді алға тартты. Осындайда жергілікті атқарушы органдарға артылатын жүктің салмағы ауыр. Ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жұртқа сақтық шараларын ескерту, жағдайды бақылауға алу оңай шаруа емес. Халықты қолдап, қазіргі жағдайға түсінікпен қарап, сақтық шараларын қабылдау қажет.

Аудан басшылары да бұл бағытта күн-түн демей жұмыс істеп жатыр. Арнайы шұғыл топ құрып, аудан аумағындағы мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, сауда орындарына рейд жасап, жағдайды бақылап отыр.
Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова мен аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жарас Тоқабаев «Айшабибі» бақылау-өткізу бекетінде болып қайтты. Онда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары ары-бері өткен халықты арнайы аппаратпен тексеріп өткізіп жатыр. Оларға бекет бастығы Олжас Терлікбаев көмек көрсетуде. Онымен сол жерде тілдескенімізде: «Елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты мемлекеттік шекара уақытша жабылды. Барлық бақылау-өткізу бекеттеріне шектеу қойылды. Қазақстан азаматтары шекара арқылы елге кірсе, шет ел азаматтары керісінше елден шығып жатыр. Шет елден келген азаматтарымызды, елден кетіп бара жатқан шетелдік азаматтарды жергілікті денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері тексеріп өткізуде. Тәулік бойы көз ілмей жұмыс істеуде. Әзірге жағдай тұрақты», – деді ол.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары