Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін жарна аударады

Әлеуметтік медициналық сақтандыру  қорына  жыл жарым ішінде Батыс Қазақстан облысынан 3,9 млрд. теңге түсті.

Елімізде республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін жұмыс берушілер  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 2017 жылдың  1 шілдесінен 2018 жылдың 4 желтоқсанына дейін  жасаған түсімдер мен жарналардың жалпы сомасы 122 млрд. теңгені құрады, соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан түскен түсімдер мен жарналар 3,9 млрд. теңгені құрады.

2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар түсімдер мен жарналарды жүзеге асырып отырды. Енді салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылға дейін еңбекақы қорынан тек қана жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін жарна аударатынын естеріңізге саламыз.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы енгізілетін болады.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» БҚО ҒАҚ бойынша филиалы

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары