Денсаулық

Жомарт жандар – жанымызда

Дәрігерлер бүгінгі күннің батырына айналғаны сөзсіз. Олар күндіз-түні білек сыбана жұмысқа кірісіп, індет жұқтырғандарды емдеуде. Бүгінде төгілген маңдай тер ақталып, аурудан айыққандар аз емес. Ақ халаттылардың біліктілігінің арқасында талайға екінші өмір сыйлауда. 

8 августа, 09:20
Жағдай тұрақталып келеді

Коронавирус пандемиясы шартарапты шарлап, қаншама жанның отбасына, туған-туыс, жақындарына ауырлық салды. Қауіпті вирустың тырнағына ілігіп, қайтыс болғандары жүректерге жазылмас із қалдырды. Дегенмен, бұл індетті тек жауапкершілікті күшейту арқылы, яғни, сақтық шараларын пайдаланып, талапты орындағанда ғана жеңуге болады. Себебі, бұл індет адам талғамайды, бәріне бірдей жұғуы мүмкін.

5 августа, 10:17
Дәрілік заттар айналымында заңсыз әрекет көп

Облысымызда дәрілік препараттарды жоғары бағада сату, заңға қайшы қызмет ұсынған жеке тұлғалардың іс-әрекеті көптеп тіркелуде.

4 августа, 20:30
Эпидемиологиялық ахуал тұрақты бақылауда

Коронавирусқа қарсы облыстық жедел штабтың кезекті отырысында өңірдегі ахуал сараланып, жүргізілген шаралардың нәтижесі талданды.

4 августа, 20:26
Кәсіптік оқу орны сенімгерлік басқаруға көшті

Орал қаласындағы Сервис және жаңа технологиялар колледжі сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.

4 августа, 20:20
Айшабибілік жастар жарады

Жақыныңа жанашыр бол! Бұл – бүгінгі күннің ұраны іспетті. Қазір әлем халқы алапат індетпен бетпе-бет келіп тұр. Аты жаман ауру талай адамды төсекке таңып, талай адамды ажал құштырды. Бұл індеттен арылудың жалғыз жолы – карантин талаптарын сақтау, жақындарымыздың жанына жалау болу.

30 июля, 09:33
Дәрігерлерге мың алғыс!

Індет елімізге енгелі ақ халатты абзал жандарда дамыл жоқ. Осындайда күн-түн демей әрбір науқастың өмірі үшін арпалысқан медицина саласының сарбаздарына басыңды иесің. «Жақсы сөз жаныңды жадыратады» демекші, оларға әркез алғыс айтып, құрмет көрсету – біздің міндетіміз. 

30 июля, 09:32
Антына адал дәрігердің мінсіз еңбегі

Аурухана қабырғасында уақытпен санаспай халыққа қызмет қылып жүрген ақ халатты абзал жандардың жанкешті еңбегін көзбен көріп, шарапатын сезінген жанның алғыстан басқа айтары болмас, сірә!

22 июля, 19:25
Қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді

Сенбі күні иесін іздеген қайырымдылық керуені аудандық орталық ауруханаға табан тіреді.

22 июля, 09:10
Халық қажетіне – қос құрылғы

Аса ауылындағы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің басшылары Нариман Ипмағанбетов пен Ренат Алфисов аудандық орталық ауруханаға құны 600 мың теңге тұратын оттегі шоғырлатқыш екі апаратты сыйға тартты. 

18 июля, 16:47