300 оқушы «Тау самалына» аттанды

Мектеп – біліммен қатар тәлім-тәрбие тағылымын беретін өнеге ордасы. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да ұмыт қалмайды.

Мектеп – біліммен қатар тәлім-тәрбие тағылымын беретін өнеге ордасы. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру да ұмыт қалмайды.
Соның жарқын айғағы, өткен сенбі күні аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйтқы болуымен аудан орталығындағы алаңға жиналған 300 бала Қаратау қойнауындағы «Тау самалы» жазғы сауықтыру лагеріне аттанды.
Жолға шығар алдында оқушыларға сәттілік тілеген аудан әкімдігі білім бөлімінің бас маманы Әлия Омарова балаларды тәртіпті әркез сақтап, суға шомыларда абай болуға шақырды.
Бес автобусқа мінген оқушылар сол күні-ақ «Тау самалы» сауықтыру лагеріне жетті. Осында 10 күн демалатын балалар табиғаты тамаша таулы аймақтан үлкен әсермен қайтатыны анық.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары