Терможөндеу бағдарламасы

Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің рекордтық саны терможөндеу бағдарламасымен жөнделеді
Белгіленген 24 үйдің төртеуінде жөндеу жұмыстары басталып кетті деп,- хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда тұрғын үйлерді терможөндеуден өткізудің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары өзінің заңды жалғасын тауып келеді. Ағымдағы жылы қалалық билік жөндеуден көпқабатты үйлердің рекордтық санын өткізуді жоспарлап отыр. Бүгінде Авангард – 2/22, Авангард – 3/9, Авангард -3/36 және Азаттық даңғылы, 99а мекен-жайы бойынша орналасқан төрт үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
- Бұдан басқа, терможөндеу бағдарламасына енетін үйлердің тізіміне тағы да 20 үй енгізілді. Барлық жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары көпқабатты үйлер тұрғындарының қайтарылымды қаражаты есебінен жүргізіледі. Үйлердің күрделі жөнделуін 2020 жылдың соңына таман аяқтау көзделуде. Осы мерзімге қарай тұрғын үйлердің терможөнделуіне қатысты мемлекеттік бағдарламасының да тәмамдалатын кезеңі,- дейді «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС директоры Орынтай Қуатбаев.
Атап өтуіміз керек, 2011-2020 жылдарға арналған аталмыш мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шаралары басталғаннан бері Атырауда 123 тұрғын пәтер жөнделді. Оның үстіне, 6 тоғыз қабатты үйге жаңа лифттер орнатылды.
Енді Атыраудағы терможөндеуге енгізілетін үйлердің тізімін ұсынамыз:
1. СМП – 136, үй №4
2. СМП – 136, үй №7
3. Привокзальный – 3а, үй №5а
4. Привокзальный – 3а ы/а, үй №10а
5. Привокзальный – 3а ы/а, үй №20а
6. Баймуханова к-сі, 3
7. Привокзальный ы/а– 3а, үй №25а
8. С.Датов к-сі, үй №11а
9. С.Датов к-сі , үй №12 
10. Авангард -2 ы/а, үй №16
11. Авангард -4 ы/а, үй № 2а
12. Привокзальный-3 ы/а, үй №12
13. Привокзальный-3ы-а, үй №14
14.Привокзальный-3а ы/а, үй №4а
15. Привокзальный-3а ы/а, үй№ 21а
16. Привокзальный-5 ы/а, үй №23
17. СМП-163, үй № 5
18. СМП-163, №3 үй
19. СМП-163, №7 үй
20. СМП-163, №9 үй.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары