Тағдыр тозағы

Ауған соғысының ардагері, ҚР-ның Парламент мәжілісінің депутаты – Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы» атты әскери прозалық шығармасын оқушылар арасында насихаттау мақсатында.

Теректі аудандық балалар кітапханасы Федоров Қазақ ЖББОМ-нің 5-6 сынып оқушыларына «Бір кітаптың мұражайын» таныстырды. Шара барысында кітапханашы Э.Болатова кітап мазмұнын баяндай отырып, ауған соғысы кезіндегі сарбаздардың тұтынған заттарын таныстырды. Шығармада келтірілген деректер мен, мұражайда қойылған жәдігерлер арқылы оқушылар сұм соғыстың зардабын шеккен жауынгерлердің тағдырымен танысты. Көрмеге қойылған Құран кітабы, арқан, жіпке оралған шаш, балдақ, оқ-дәрі сақталған рюкзак, плащ-жамылғы т.б. жәдігерлер тындармандарды аса қызықтырды.

«Жорыққа шығар алдында Бақытбек Смағұл Қасиетті Құран кітабын ақ матаға орап, төс қалтасына салып өзімен бірге алып жүруді әдетке айналдырыпты, мүмкін содан да болар ол кісінің қанды қырғыннан аман-есен келгені» - деп, ктаптағы қызқты оқиғаларды жәдігерлердің көмегімен баяндаған кітапханашы. «Тағдыр тозағы» кітабын оқыған адам бейбіт күннің қадірін түсінеді. Кітаптың тағы бір құндылығы, ондағы оқиғалардың барлығын жомарт ой мен тамаша сөз байлығына ие нағыз куәгерлердің өздері толғана, тебірене отырып, бірақ еш ыза-кексіз, қаз-қалпында баяндайды. Кітапты оқығанда, кей жерде көзіңізге жас үйіріледі, ал бір тұста шек-сілеңіз қатып күлесіз. Кітап өскелең жас ұрпаққа мол тәрбие беретін таптырмас құрал болып табылатынына сөзсіз сенеміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары