Cүйіспеншілік һәм өмір

«Сүйіспеншілік – жаңбырдан соңғы күн нұрындай. Сүйіспеншілік қашан да жаңа ашылған күндей жайнап тұрады».                                                                                                
В.Шекспир.

 

Қазіргі таңда физик-ғалымдар сүйіспеншілік дегеніміз жай эмоция, қалау емес деген тұжырымға келіп отыр. Сүйіспеншілік ол айналамыздағы әлемді өзгерте алатын тіршілікке өмір беріп, бар болуын қолдаушы, қуатты энергия.Адам сүйіспеншілік энергиясын өткізуші күн секілді. Сүйіспеншілік адамдарды бір-біріне, барша тіршілікке риясыз ұмтылдырады. Сүйіспеншіліктің түрлері көп: риясыз сүйіспеншілік, өзара сүйіспеншілік, махаббат сүйіспеншілік. Олардың көзқарастары түрліше болғанымен сөздері ұқсас болады. Сүйіспеншілік адамдарға жақсылық, мейірім сыйлайды, соның арқасында адамдар бір-бірін жақсы тани алады. Отанға, ата-анаға, қоршаған ортаға, туыс-бауырларға, достарға, барлық қоғамға деген сүйіспеншілік болады.
Күн әрқашан әрқайсымызға жарық сыйлайды және де бізді жақсы мен жаманға бөлмейді. Біз оқушыларымызды өз сүйіспеншілігімізді білдіріп әрбір таң сәулесімен қарсы аламыз, сонда балалардың көңіл-күйі көтеріңкі және шаттыққа толы болады. Оқушылар бір-біріне деген сезімдері оянып күн нұрындай жарқырайды. Сонда бала ойланады да күлімсірейді. Мені айналамдағы адамдар жақсы көреді деп жақсы іс-әрекеттерге барады. Баланың әрбір сезіміне көңіл білдіруіміз керек.
Сүйіспеншілік адамнан адамға берілетін қуат. Адамның шынайылығы оның ақ ниеті, таза ойы, жылы сөзі және игі ісінен көрінеді. Риясыз сүйіспеншілікпен қызмет ету – әрбір адамның парызы. Жақсы бала отбасындағы адамдардың жақсылығын, мейірімін сезініп-байқап, бағалайды. Сондықтан сүйіспеншіліктің ең дұрысы, ең қолдау табатыны – адамның жүрегі жанды күйінде ұстап тұратын сарқырама іспеттес махаббат. Мұндай махаббат – әрбір балаға күн секілді жылу беретін сүйіспеншілік!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары