Мақалалар

Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз.Қайырымдылық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа-жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы.

23 февраля 2019, 10:43
РЕСПУБЛИКАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

 Ақсу  қаласы Ақжол орта мектебінің ағылшын  тілі пәнінің мұғалімі Айгүл Паланқызы өзінің  ұстаздық жолында оқушыларымен өте  ұтымды жұмыс жасай білді. 

22 февраля 2019, 12:42
ҚАЛҚАМАНДА КАДЕТ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Ақсу қаласы Қалқаман ауылының орта мектебінде Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай кадет қатарына қабылдау өтті.

22 февраля 2019, 12:37
"ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ - 2019"

Осындай байқау өзіміздің №1 қазақ орта мектебінде өтті. 52 сынып жетекшілер ішінен жеребе арқылы сегіз сайыскер есімі анықталды. Олардың қатарында 1 "а" сынып жетекшісі Алтынай Қасымова, 2 "ә" сынып жетекшісі Динара Жаманбаева, 3 "ғ" сынып жетекшісі Бибігүл Төлеутаева, 5 "а" сынып жетекшісі Рина Худас, 7 "ә" сынып жетекшісі Наргиз Байбосынова, 8 "а" сынып жетекшісі Сая Ахмекенова, 9 "г" сынып жетекшісі Динара Инырбаева, 10 "а" сынып жетекшісі Динара Соғымбаева бар.

22 февраля 2019, 12:20
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жаңатас көпсалалы, және №5 Жаңатас колледждерінде аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан құрылған, дін саласы бойынша  аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, ішкі саясат бөлімінің бас маманы О.Бейсен, аудандық теолог М.Мырзағараев және аудандық исламтанушы маман А.Шадиевтің қатысуымен «Дін мен дәстүрдің ұштастығы» тақырыбында  студенттермен кездесу жиынын өткізді.

20 февраля 2019, 11:59
Өнерлі өрге жүзер

Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясына қолдау білдіру арқылы халқымыздың сан ғасырлық музыкалық мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау, қазақ халқының төл өнерін, музыкасын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ақын, сазгер,күйші, ҚР мәдениет қайраткері, Аман Малдыбаевтың 60 жылдығына орай, «Көне Тараз» атты республикалық өнер байқауы өтті.

20 февраля 2019, 11:46
Ардагерлер салауатты өмір салтын қолдайды

Өткен аптаның сенбісі күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, «Біз-Ауған соғысының ардагерлері-салауатты өмір салтын қолдаймыз!» атты ардагерлер арасында Ауған соғысы ардагерлері және аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық ашық турнир болып өтті.

20 февраля 2019, 11:39
Солтүстікке жұмысқа шақырады

Елбасының тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ішкі көші-қон процестерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру, еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін өңірлерге халықты өз еріктерімен қоныстандыру мақсатында  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Олжас Көкейдің төрағалық етуімен Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарынан келген делегация өкілдерімен кездесу өтті.

20 февраля 2019, 11:18
ХАБАРЛАНДЫРУ

Үстіміздегі жылдың 25 маусымында Жаңатас қаласының 50 жылдығына орай «Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» КММ-нің ұйымдастыруымен  қаланың жаңа логотипін құруға байқау жарияланады.

Байқау ережесіне сәйкес байқауға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 18 ақпаны мен 18 наурыз аралығында Жаңатас қаласы, Бейбітшілік көшесі № 25 мекенжайындағы «Жаңатас қаласы әкімінің аппараты» КММ-де, № 6,22 каб. қабылданады. 

16 февраля 2019, 10:13
РУХАНИЛЫҚТЫҢ КӘУСАР БҰЛАҒЫ

«Өзін-өзі тану» пәні өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіруге, олардың мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға тәрбиелеуге негізделген. Бұл пән еліміздің болашақ азаматтарының жалпыадамзаттық рухани құндылықтарын жарыққа шығаруға мүмкіндік жасау, рухани әлеуетін ашу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Рухани-адамгершілік білім беру идеясының авторы С.А.Назарбаева: «Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа қайта оралуың қажет.

15 февраля 2019, 16:05