Отқа оранған он жыл

Күні кешегі Кеңес дәуірінің кереғар саясатының салдарынан сұм майданның тарих бетінде қалдырған Ауған соғысының аяқталғанына 15 ақпанда 30 жыл толды. Зеленов ЖОБМ-нің мектеп кітапханашысы Күнайым Татығұлова мен ауылдық балалар кітапханашысы Ләззат Мизанбаеваның   ұйымдастыруымен «Ерлік шыңы» атты кездесу кеші өтті. Кешке мектеп мектеп мұғалімдері ұжымы мен оқушылар қатысты.

 Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, батылдыққа, ерлікке баулу мақсатымыздағы шараға оқ пен оттың ортасынан аман оралған ел ағасы, интернационалист жауынгер ағамыз Сеткалиев Қуанғали Апатанұлы қатысты. Майдангер өзнің ауған жерінде жүріп өткен жауынгерлік жорығы жайында айтып, берді. Ардагер жауынгер оқушыларға бүгінгі бейбіт өмірдің маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар ағамызға көкейіндегі сұрақтарды қойып, тұшымды жауап алып, сырлы сұхбат құрды.

Оқушылар ауған ардагерлеріне арналған патриоттық өлендер оқыды. Мектеп директоры Владимир Харькин отқа оранған он жылға созылған соғыстың аяқталуы туралы, Ауған жерінде жауынгерлеріміз төзімділік пен батырлықтың үлгісін танытқан сарбаздар жайлы айтты.

Бастауыш сынып мұғалімі Бақытханым Гұбашева Дархан Даулетияровтың сөзіне жазылған «Ауғанстан» әнін шырқап берді. Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасады. Кездесу соңын ауған соғысы ардагерімен естелік суретке түсті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары