Жүлделі орындарды иеленді

Таяуда Тараз қаласында 2001-2002 жылдары аралығында туылған жасөспірімдер арасында бокстан Жамбыл облысының біріншілігі өтті.

Таяуда Тараз қаласында 2001-2002 жылдары аралығында туылған жасөспірімдер арасында бокстан Жамбыл облысының біріншілігі өтті. Біріншілікке қатысқан Түрксіб ауылындағы спорт мектебінің боксшылары жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді. Нақтырақ айтар болсақ, Дәулет Абдумомынов 81 келі салмақ дәрежесінде топ жарса, 91 келіде рингке шыққан Ратмир Розиев пен 60 келіде жұдырықтасқан Жансерік Дүйсенбек жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ал, 69 келі салмақтағы саңлағымыз Алинұр Әбдиев үшінші орынды місе тұтты.
Облыстық додадан жүлдемен оралған боксшыларымыз алдағы уақытта Шымкент қаласында өтетін ел біріншілігінде сынға түсетін болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары