ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

Жуырда Тараз қаласында бокстан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсекеге 88 спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Жуырда Тараз қаласында бокстан 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Былғары қолғап шеберлері бас қосқан бәсекеге 88 спортшы қатысып, өзара бақ сынады.
Бәсекеде өнер көрсеткен Түрксіб ауылындағы жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің боксшылары жасындай жарқырап, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтар болсақ, Даниял Ардақ (+91 келі) пен Нұрмерей Сейтбек (56 келі) өз салмақ дәрежесінде күміс жүлдені еншілесе, Дияр Сенбек (63 келі) үшінші орынды місе тұтты.
Чемпионатта топ жарған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қабылдаған мектеп директоры Абдрахман Қыдыралиев байрақты бәсекелерде ауданымыздың, еліміздің атын асқақтата берейік деп тілек білдірді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары