Жоғары жетістікке қол жеткізді

Биыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осыған орай жер-жерлерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекенің мәні мен мазмұны кеңінен насихатталуда. Жуырда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен арқан тарту, садақ ату, асық ату, бестас, қазақ күресі, қол күресі, гір тасын көтеру және тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті. 

Облыстық бәсекеге ауданға қарасты спорт мекемелерінен 29 спортшы қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Нәтижесінде садақ атудан І орынды Бағдат Нұсқабеков, бестастан І орынды Бибігүл Серікбаева мен Нұрсұлу Жетібаева жеңіп алды. Ал, тоғызқұмалақтан ІІ орынды Мейрамкүл Ноғайбаева, ІІІ орынды Қайрат Әміров місе тұтты. Қазақ күресінен Берік Тұрғанов алтыннан алқа тағынып түйе палуан атанса, 74 келіде сынға түскен Дамир Хабибуллаев пен 100 келі салмақ дәрежесінде белдескен Даулет Пахриденов І орынды, +100 келіде боз кілемге шыққан Жасұлан Көрпебай, 60 келіде сынға түскен Берік Изанов ІІ орынды қанағат тұтты. Ал, 82 келіде белдескен Нұрзат Саматұлына ІІІ орын бұйырды.
Командалық жарыста арқан тартудан І орынды, асық атудан ІІ орынды жеңіп алды. 
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары