Жерлестер жасындай жарқырады

Таяуда Алматы облысының Талғар ауданында қазақ күресінен 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мұқағали Мақатаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Таяуда Алматы облысының Талғар ауданында қазақ күресінен 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Мұқағали Мақатаевтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.
Бәсекеде бақ сынаған Аса ауылындағы спорт мектебінің балуандары жасындай жарқырап, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Саят Жеңіс 65 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынса, Нұрбол Төлегенұлы 82 келі салмақта үшінші орынды иемденді. 
Жаттықтырушысы Ермахан Қапалбаевтың сенімін ақтаған спортшыларды күні кеше мектеп директоры Самат Өмірәлиев арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады. Байрақты бәсекелерде ауданымыздың, еліміздің атын асқақтата берейік деп тілек білдірді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары