Жеңіс тұғырынан көрінді

Жуырда облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Көше ойындары-2020» атты өңір чемпионаты «Біз діни экстремизм мен тероризмге қарсымыз!» ұранымен бастау алып, спорттың 10 түрінен кім мықтыны анықтады. Бәсекеде бақ сынаған Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ілігіп, аудан абыройын көтерді. 

Бұл жағымды жаңалықпен аталмыш мектептің әдіскері Берік Изанов бөліскен еді.
 – Бүгін қос жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Зіл темірді жоғары көтеруден қарсылас шақ келтірмеген Саламат Санатұлы мен спорттың street workout түрінде айқын басымдылыққа ие болған Нұрбол Мырзағараев бірінші орын иеленсе, турникте күш сынаған Дарын Қалабаев екінші орынға тұрақтады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды, – деді ол бізбен әңгімесінде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары