Жамбылдықтар жеңімпаз атанды

Жуырда Тараз қаласында 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші футболдан өткен облыстық жарысқа Жамбыл ауданының атынан жаттықтырушы Шохан Дүйсенбиев, Дәулет Жұмаділов бастаған жеткіншектер барып қайтты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық додаға Қаратау, Жаңатас, Тараз қалалары мен Байзақ, Шу, Жамбыл аудандарының футболшылары қатысты.
Командалық есеп бойынша Жамбыл ауданының футболшылары бірінші орын иеленіп, Санжар Кемелбек – «Үздік шабуылшы», Заңғар Тұрдан – «Үздік қақпашы», Елсұлтан Бектас, Ердәулет Абдуаким  – «Үздік ойыншы», Досжан Мейірбекұлы, Бақұлан Тұрғанбаев – «Үздік қорғаушы», Әлібек Құрманбек – «Үздік жартылай қорғаушы» номинацияларын жеңіп алды. Жеңімпаздарға кубок, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары