ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

Жайылма ауылындағы Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінде  Бүкіл одақтық халық шаруашылығы жетістіктері  көрмесінің алтын медалының және «Құрмет белгісі» орденінің  иегері,  Республикалық ауыспалы Қызыл Тудың 2 дүркін  жеңімпазы, Миллионер колхозының председателі Қабанбаев Оспанды еске алуға арналған 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, грек-рим күресінен 2005-2008 жылы туылған  жасөспірімдер арасындағы  облыстық ашық турнир болып өтті.

Жайылма ауылдық округіндегі грек-рим  күресінен өткізілген  облыстық ашық  турнирдің 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орй өткізілуінің құндылығы орасан зор. Себебі, ауылдық жерлерде спорттың түр-түрінен жарыс өткізу қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуінің арқасында деп білген жөн.

«Құрмет белгісі» орденінің  иегері Қабанбаев Оспанды еске алу турниріне аудан әкімінің бірінші орынбасары О.Көкей, аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас мамандары, сонымен қатар Қабанбаев Оспанның балалары мен ағайын-туыстары қатысты.

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген турнирде аудан әкімінің бірінші орынбасары Олжас Көкей:

-  Міне, бүгін 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарса-ңында Оспан Қабанбаевтың жүлдесі үшін өтетін дүбірлі додаға  жиналып отырмыз.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қабанбаев Оспан  өзінің еңбек жолын 1936 жылы Жайылма ауылы «Қызыл ту» кеңшарында  қарапайым жұмысшы болып бастаған. 30 жылдан аса уақыт ауылшаруашылығы саласында тынымсыз еңбек еткен. Бірнеше рет ауылдық кеңес депутаты болып, колхоз басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.

Ол «Құрмет белгісі» орденімен және «1941-1945  жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін»,  «Тың жерлерді  игергені үшін» медальдарымен марапатталған,-деді.

Облыстық  грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы ашық турнирге Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл облыстары, көршілес Созақ, Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Сарысу аудандарымен қатар Жайылма ауылының Б.Тоғызақбаев атындағы спорт мектебінен барлығы 201 cпортшылар бақ сынасты.

Тәуелсіздік күніне орай өткізілген грек-рим күресінің жеңімпаздары 24 келі салмақ бойынша Сарысу ауданынан Мансұр Сұлтанов 1-орынды жеңіп алды. Байзақ ауданынан келген Шынжырбек Нұржігіт 2-орынды иеленді. Сарысулық Ұзақбай Диас пен Т.Рұсқұлов ауданының спортшысы Бекет Нұрасыл ІІІ-орынды өз ара бөлісті.

Сондай-ақ, 48 келі салмақ дәрежесітнде сарысулық  Ерғара Нұрдәулет 1-орынды жеңіп алды. Түркістан облысынан Сараджев Иса ІІ-орынды иеленді.   Шымкент қаласынан Асқар Юсупов пен Т.Рысқұлов ІІІ-орындардан көрінді.Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломы, медальдар және Қабанбай Оспанның ұрпақтары бағалы сыйлықтар тапсырды.Алдағы уақытта миллионер колхозының председателі Қабанбай Оспанға атқарған еңбектерін бағалай отырып, Жайылма округінен бір көшенің аты берілсе, деген ұсыныстың айтылуы да орынды деп есептейміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары