Шайбалы хоккейден жарыс өтті

13 қаңтар күні Озерки ауылында шайбалы хоккей бойынша чемпионат өтті

13 қаңтар күні Озерки ауылында Семей өңірінің командалары арасында шайбалы хоккей бойынша Чемпионат өтті. Чемпионатқа Бородулиха ауданың намысын қорғаған Жезкент кентінің "Шахтер" командасы жан-жақтан келген командалрмен бақ сынасты.

 Қорытындысы бойынша Курчатов қаласының командасы үздік нәтиже көрсетіп бірінші орынды жеңіп алды, ал, екінші орынға Бородулиха ауданының  Жезкент кентінің "Шахтер" командасы ие болды, үшінші орынға Озерки ауылының командасы иеленді. Жеңімпаз командалар мадақтау қағаздармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жерлестерімізге сәттілік тілеп, жас спортшыларымыздың жұлдыздары жарқырап, спортшыларымызға биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары