Секіртпемен секіруден турнир қорытындыланды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебінің бадминтон бөлімі оқушылары арасында секіртпемен секіруден офлайн-турнир өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттап, спортты серік еткен балғын спортшылардан 42 оқушы қос аяқтап, қайшылау бағыттарында секіртпемен секіріп, бағын сынады. Ұлдар мен қыздар санаты бойынша өзара бәсекеге түскен жасөспірімдердің көзсіз жылдамдығы қарсыластарымен сынға түсуде жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндік алып келді. Сайыста белгіленген 30 секунд ішінде межені бағындырған жас спортшылар жеңіс тұғырына көтерілді.

СЖ тобының қыздары арасында Вероника Витман (№8 ЖОББМ) І орын, Айдана Капашева (№20 ЖОББМ) ІІ орын, Наргиза Рахметуллаева (Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі) ІІІ орын иеленсе, ұлдардан Андрей Шалагин (ЗКИИТУ) І орын, Никита Васильев (№13 ЖОББМ) ІІ орын,Михаил Мурнов (№23 ЖОББМ) ІІІ орыннан көрінді.

ОЖ тобының қыздарынан Жанерке Сагындык (№6 ЖОББМ) І орын, Алина Наумова (№23 ЖОББМ) ІІ орын, Арина Сергеева (№13 ЖОББМ) ІІІ орын, ұлдар арасында Расул Сагындык (№1 ЖОББМ) І орын, Роман Горняк (№20 ЖОББМ) ІІ орын, Арнур Тапишев (№1 ЖОББМ) ІІІ орын жеңімпазы атанды.

АД тобының қыздары арасында Аделина Алтаева (№7 ЖОББМ) І орын, Камила Бергенова (№7 ЖОББМ) мен Дарья Бегалиева (№19 ЖОББМ) ІІ орын, Аружан Жикеева (№6 ЖОББМ) ІІІ орын, ұлдардан Хасар Маликов (№7 ЖОББМ) І орын, Дамир Алтаев (№7 ЖОББМ) ІІ орын, Жандос Карин (№17 ЖОББМ) ІІІ орын иеленді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары