Спорт

Айтулы акция

Елбасы «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады. Сол басымдықтардың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Өз тәуелсіздігін алған егемен еліміздің жастары жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанса, жарқын болашаққа барары анық. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

5 февраля, 09:34
Турнир жоғары деңгейде өтті

Бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар ауқымды іс жүзеге асырылуда. Тараз қаласы мен аудандарда дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын жастар саны біршама өскен. Әсіресе, волейбол ойыны ауылдық елді мекендерде, облыс орталығында да дами түскен. Тараз қаласында әлемдік лиганың іріктеу жарысы мен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтіп тұрады. Облысымыздан құралған ардагерлер командасы Алматы, Тараз қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Жамбыл облысы командасының сапында біздің ауданның ардагерлері Шәмшібек Имашев, Мұрат Жұмабаев, Сәрсен Оспанов сынды ойыншылардың бар екенін мақтанышпен айтуға болады. 

29 января, 09:28
Балғын акробат жұлдыздары жеңіске жетті

Петропавл қаласында өткен ҚазақССР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған VI халықаралық турнирде облыс спортшылары топтық сайыстың күміс жүлдегері атанды.

22 января, 16:14
Ел чемпионатына жолдама алды

Таяуда Тараз-Арена спорт кешенінде 2005-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында дзюдодан Жамбыл облысының чемпионаты өтті. 

22 января, 10:05
Ұстаздарымыз – үздіктер қатарында

Таяуда Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық басылымы өткен жылды қорытындылап, үздік спортшыларға құрмет көрсетті. Биылғы шара академияның 75 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Айтулы шараның тағы бір ерекшелігі, қалалық жерлерден бөлек, шалғай аймақтардағы спорттың өркендеуіне қомақты үлес қосқан мұғалімдер де ескерусіз қалмады.

15 января, 14:48
Еркебұлан – облыс чемпионы

Таяуда «Тараз-Арена» спорт кешенінде Жамбыл облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ересектер арасында жауынгерлік самбодан облыс чемпионаты өткен болатын. Жалаулы жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен 150-ге жуық балуан келіп, бес салмақ дәрежесі бойынша кім мықтыны анықтады.

15 января, 14:46
Ақбұлымның «алтындары»

Табиғаты көркем, тарихи жәдігерлерге бай Ақбұлым ауылының әр тасы, әр төбесі қымбат. Осындай шежірелі ауылдан жетістігі мен жеңісі, бағы мен бабы қатар шапқан үлкен-кішінің ауыл атын асқақтатып жүргені де көңіл марқайтады.

11 января, 09:26
Турнирде топ жарды

Таяуда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нүрпейісовті еске алуға арналған кикбоксингтен Қазақстан Республикасының кубогы өткен болатын.

31 декабря 2019, 09:40
«Салауатты ұлт» қалыптастыру — бүгінгі күннің басты мәселесі, — дейді Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіров

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт – мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш.

19 июня 2019, 09:16
Мемлекеттік қызметшілер жарысы

Ел дамуына мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі сүбелі. Бүгінде оларға жүктелген міндет жүгі орасан зор. Мемлекеттік қызметшілердің басты парызы – халыққа, жалпы қоғамға сапалы қызмет көрсету.

12 июня 2019, 09:36