Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінде Ауған соғысына қатысушы Аманжол Гусмановты еске алуға арналған баскетболдан XXVI аудандық турнир өтті.
Жақын күндері Ақтау қаласында қазақ күресінен 1998-2000 ж.т. жастар мен қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында батысқазақстандық балуандар 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді.
«ҚазССР-нің білім беру ісінің үздігі» Валерий Бақтығалиев – Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен байланысты ардақты есімдердің бірі. Көзі тірісінде сырымдық спортшылардың бағын жаққан білікті жаттықтырушының, іскер басшының әріптестері бапкерлік жұмыстың қыр-сырына қаныққан кәсіби шеберлігін әлі күнге дейін айта жүреді.
Жезқазғанда Саят есімді бауырымыз бар. Бұрын бокс жаттықтырушысы ретінде танымал болатын. Бүгінде оны Жезқазған -Ұлытау аймағындағы спортты дамыту мақсат тұтқан шынайы жанашыр азамат деп бағалауға болады. Әрине, ол жалғыз емес.
Жуырда Төңкеріс ауылы мектебі ұжымының ұйымдастыруымен «Целиноград ауданының 90 жылдық» мерейтойына арналған спорттық шара болып өтті
Астана мен біздің ауданымыздың биылғы жылғы айтулы мерейтойлары мәдени-спорттық шарадан бастау алды