Спорт

ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТТІ

Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында еркін күрестен өңіраралық турнир өтті.

1 февраля 2019, 10:23
Дәстүрлі турнир

Апта аяғында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында волейболдан ерлер арасында аудан әкімінің кубогі үшін аудандық турнир ұйымдастырды.

30 января 2019, 09:19
Қысқы спорт түрлерінен сайыс

Өткен жұма күні мектебімізде 7-сыныптар арасында «Ғажайып қыс сәттері» атты спорттық шара өтті.

26 января 2019, 15:53
«Шынықсаң шымыр боларсың»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-вуқатынының өсуі,табыс пен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жолдауында «2019 жыл  - Жастар жылы»  деп аталды. Жастар жылын жүзеге асыру мен қолдау мақсатында балабақшамызда тәрбиеленіп жатқан балалардың жас ата-аналарымен бірге спорттық іс –шара ұйымдастырып  өткіздік. 

26 января 2019, 15:41
Қыздар арасындағы ҚР чемпионаты

Таяуда Талдықорған қаласында волейболдан  2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер (қыздар) арасында ҚР  чемпионаты болып өтті. 

26 января 2019, 10:42
Дені сау ұрпақ – ел болашағы

«Отбасы – аялы алақан мекені» атты отбасылық-спорттық сайыс өтті.

25 января 2019, 22:46
Шорт-тректен өңір чемпионаты

Ағымдағы  жылдың  алғашқы  айында  Күсеп ауылдық округіндегі   Куропаткино  орта мектебінің мұз айдынында конькимен жүгіруден (шорт-трек) аудан чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 7, атап  айтқанда    Зеренді, Күсеп, Симферополь, Алексеевка, Бәйтерек, Садовый және С.Сейфуллин атындағы  округтерінің     30  спортшылары   қатысып, жүлделі  орындарды  сарапқа  салды.ан көрінуге бар күш-жігерлерін салды. Округтер:Зеренді, Күсеп, Симферополь, Алексеевка, Бәйтерек, Садовый және С.Сейфуллин атындағы а/о.

25 января 2019, 09:33
Спортшылар жеңіспен оралды

Қаңтар айының 4-6 күндері аралығында джиу-джитсудан облыс чемпионаты өтті. Оған қатысқан «РУСТЕМ-КЕРЕЙ» клубының спортшылары Жансанат Кабдракимов, Дидар Әби, Нұрым Өмірбаев чемпион атанса, Ерталап Хасенов пен Дулат Меңдіғали, Нұғман Есеналин 3 орынды қанағат тұтты. Жүлдегер атанған спортшылар ақпан айының 10 күні Өскемен қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

19 января 2019, 16:44
Республикалық чемпионатқа жолдама алды

Ағымдағы  жылдың  8-10 қаңтары  күндері  Көкшетау  қаласының  «Қайрат»  спорттық  кешенінде   қазақ  күресінен 2004-2005 жылдары  туған  жасөспірімдер  арасында    облыстық  іріктеу  сайыстары  өтті. Аталған  спорттық  додаға   Көкшетау, Степногорск қалаларының, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Біржан  сал, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жарқайың, Сандықтау, Қорғалжын  аудандарының  командалары  қатысты. Біздің   өңіріміздің  намысын     аудан  орталығының  және  өңіріміздегі  бірнеше   орта  мектептердің   балуандары  қорғады.

18 января 2019, 12:16
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЛУБЫ

Атырау облысының Махамбет ауданының Махамбет селосында  өткен жыл соңында үкіметтік емес ұйымның қолдауымен "Ержүректілер" атты спорт клубы ашылған болатын. Бұл бастаманы үстел теннисінен спорт шеберлігіне үміткер Мұхадия Қуангереев пен оның жары Гүлден Утебалиева аудан әкімінің қабылдауына болып, игі бастамаға қолдау тапты. Қазір ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмысын бастады.

17 января 2019, 15:43