Қоржында – 2 алтын, 1 күміс, 4 қола

Таяуда Тараз қаласында жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыс чемпионаты өткен болатын. Жамбыл ауданының оғландары сол жарыста атой салып, жеңіс тұғырының жоғары сатысынан көрінді. Нақтырақ айтқанда, Жасөркен ауылының балуандары – Дастан Нартай 44 келіде топ жарса, Жамыбек Самибек 57 келіде үшінші орынды иемденді. Ал, бектөбелік балуандар – 100 келіде күрескен Нұрислам Үсен бірінші, 75 келідегі Даниал Құрманбек екінші, 44 келідегі Абдрохим Құрман, 48 келідегі Ербол Көпбосын мен Жантас Төлендиев үшінші орындарды иеленді.

Айта кететін жайт, облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ел біріншілігіне жолдама алды.
Бұл жайлы біз редакцияға жағымды жаңалығымен келген Аса балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Мақсат Рияновтан естіп білдік. Ол: «Грек-рим күресінен өткен облыстық жарыста жамбылдық балуандар аудан абыройын асырып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Нұржан Берсүгіров, Мұхит Райымбердиев сынды бапкерлер жаттықтыратын балғын балуандарымыз наурыз айында Шардара қаласында жасөспірімдер арасында өтетін ел біріншілігіне қатысады», – деді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары