Қазақ күресі

10-13 қаңтар аралығында Аягөз қаласында ШҚО облысының чемпионат өтті

Күрес – қазақ халқының ежелден келе жатқан спорт түрінің бірі. Бұл спорт түрі адамның денесін ширатып, бұлшықеттерін қатайтып, төзімділікке, ептілікке, тез ойланып, дер кезінде айла таба білуге машықтандырады. Сол себепті де бұл спорт түріне ер балаларды жастайынан дайындап, машықтандырған. Қазақ күресі сонау уақыттан аты әлемге танылып келе жатқан Қажымұқан палуаннан бастау алса, қазіргі таңда да еліміздің атын әлемге асқақтатып жүрген палуандар да аз емес. Осы ежелден келе жатқан спор түрін дамытып, ауданымыздың жас спортшыларын да осы спорт түріне баулып жүрген Мұсылманбек Қажымұқановтың шәкірттері 10-13 қаңтар аралығында 1999-2001, 2002-2003, 2004-2005 жылдар туылған жастар мен жасөспірімдер аралығында қазақ күресінен Аягөз қаласында Шығыс Қазақстан облысының чемпионат өтті.

Қазақ күресінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша 42 келі салмақта Дәулет Рашидов, 50 келі салмақ дәрежесі бойынша Санжар Әбілов екінші орындарды еншіледі, ал 90 келі салмақ дәрежесі бойынша Дидар Көпжасаров бірінші жүлделі орынға ие болды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтау қағаздармен марапатталды. Үздік нәтиже көрсеткен жас палуандар Қазақстан Республикалық чемпионатына жолдама жеңіп алды. Осындай Бородулиха ауданының атын жер-жерде асқақтатып жүрген палуандарымызға алар асуларың көп болсын демекпіз. Болашақта бүкіл қазақ елінің байрағын көкте желбіретулеріңе тілектеспіз!

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары