Ел біріншілігіне жолдама алды

Таяуда Тараз қаласында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ересектер арасында жауынгерлік самбодан облыс біріншілігі өтті. 

Таяуда Тараз қаласында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ересектер арасында жауынгерлік самбодан облыс біріншілігі өтті. Айтулы жарыста бақ сынаған аудан спортшылары жүлделі орындардан көрінді. Нақтырақ айтар болсақ, бірлесуеңбектік Набиола Ақшабай (64 келі), ащыбұлақтық Еркебұлан Тауасар (79 келі) мен асалық Нұрхат Туғанбек (88 келі) өз салмақ дәрежелерінде сәйкесінше екінші және үшінші орындарды иеленді.
Бұны біз спортшылардың жаттықтырушысы Нұржан Қазбековтен естіп білдік.
– Облыс біріншілігінде жас спортшыларымыз ауданның намысын абыроймен қорғады. Облыстық құраманың сапына енді. Ақпан айында Талдықорған қаласында өтетін ел біріншілігіне жолдама алды. Спортшыларымыздың осы жарысқа баруына септігін тигізген әрі қолдау көрсеткен аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітовке рақмет айтқым келеді, – деді ол өз сөзінде.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары