Дүбірлі жарыс

6 қаңтар күні Семей қаласында грэплинг стилінде КазГИЮУ университетінің 20-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыстық чемпионат өтті

6 қаңтар күні Семей қаласында грэплинг стилінде КазГИЮУ университетінің 20-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыстық чемпионат өтті. Дүбірлі додаға біздің ауданымыз да шақырту алып, жас бапкеріміз Дамир Умирхановтың жас спортшы шәкірттері осы Семей қаласына жан-жақтан келген 150 ден астам жас спортшылармен бірге бақ сынасты.

Аталған жарыс барысында кездесулерін сәтті өткізе білген біздің жерлестеріміз Бекзат Джумабеков, Диас Сулубеков, Сұлтан Чикибаветар бірінші орынға ие болды, ал, екінші орынның жеңімпаздары, Кенесхан Канатұлы, Диас Юсуповтар, үшінші орын иегерлері Станислав Русанов, Аділ Бектембаев, Ниас Сулубековтар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медальдармен және арнайы  мадақтау қағаздармен марапаттады. Осы қуанышты хабарды естіген біздер, осы салада жастарды жаттықтырып, ауданымыздың атын шығарып жүрген мықты бапкердің бірі Дамир Умирхановқа барып, мән-жайды білмек болып, өзімен жүздесіп, сөзге тарттық. Ол өз сөзінде былай дейді: «Аралас жекпе-жек спорт түрі болған соң, біз әр түрлі жекпе-жек сайыстарына қатысамыз: джиу-джитсу, грэплинг, панкратион, Номад ММА стиліне және т.б. спорт түрлеріне. Осылайша Бородулиха ауданымыздың намысын қорғаған жастарымыз түгелдей жеңімпаз болмаса да, талай спортшы жастарымыз жүлдемен оралып, ауданымызға қуанышпен оралды. Бұл біздің ақырғы жарысымыз емес, әлі алда талай шақыртулар болады. Сол жарыстарға қатысып, ауданымыздың атын талай мәрте шығарамыз деген ниеттеміз. Әрине, ол үшін осы жолда біздер аянбай тер төгетін боламыз»,- деді жас бапкер. Оларға сәттілік тілеп, алтын уақыттарын алмай жас спортшыларымыздың жұлдыздары жарқырап әлі алда талай спорттың белестерін бағындырады деген сенім артып, спортшыларымызға биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары