Бильярд ойнап, бағын сынады

Кеше аудандық ардагерлер үйінде Наурыз мерекесіне орай бильярдтың еркін пирамида түрі бойынша арнайы турнир ұйымдастырылды.

Кеше аудандық ардагерлер үйінде Наурыз мерекесіне орай бильярдтың еркін пирамида түрі бойынша арнайы турнир ұйымдастырылды.
Бильярд ойынына кілең ауданның бетке ұстар ойыншылары қатысып, жүлделерді сарапқа салды.
Коронавирус індетіне байланысты шектеу шараларын сақтай отырып ұйымдастырылған ойын жоғары деңгейде өткенін байқау қиын емес еді.
Жарысқа қатысқан сегіз ойыншы да тартысты ойын өрнегін құрды. Жиі ұйымдастырылып тұратын бәсекелерде әркез алдан көрінетін еңбек ардагері Сайлау Ережепбаев бұл жолы да бірінші орынды иеленсе, шашасына шаң жұқтырмайтын шебер ойыншы Есенбек Қалдыбеков жеңімпаздан бір ұпай кем жинап, екінші орынды еншіледі. Ойындарда қиын позициялардағы шарларды бірінен соң бірін торға тоғыта білген еңбек ардагері Әзіреталы Садыралиев үшінші сатыдан көрінді.
Жарыс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев жеңімпаз бен жүлдегерлерге тиесілі дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыстады. Өзге ойыншылар да сый-сияпаттан құр қалған жоқ.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары