БАЛҒЫН БАЛУАНДАР ЖЕҢІСІ

Түрксіб ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері дзюдодан өткен облыстық чемпионатта жүлделі орындарға ие болды. Айталық,  Тараз қаласында 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен додада 230 жас балуан боз кілемде бақ сынады. 

Иә, барлығы дерлік жеңімпаздар қатарынан табылмаса да, белдесу барысында көзге түскен, күрес стилі ерекше жас балуандар көп болды. Бұл тұрғыда коронавирус пандемиясының қауіптілігін ескере отырып, осындай қиын кезеңде батылдық танытып, аймақ біріншілігін өткізу оңай шешім емес екенін баса айтқан жөн. Ұзақ уақыт татамиден тыс қалған дзюдошылар үшін бұл жарыс аса қажет еді. 
Екі күнге созылған жарыс қорытындысында түрлі салмақ дәрежесі бойынша ұлдар арасында Береке Рахматуллаұлы, Әділет Ахметқалиұлы, Нуғман Бибарыс, Әли Әлімби және Нуридин Нұрғали жеңіс тұғырынан көрінсе, қыздар арасында Анар Жұмабай мен Асылайым Қайыпберген (бапкерлері М.Мухаметкаримов, Д.Хабибуллаев) мықтылығын дәлелдеді. 
Жеңіс тұғырынан көрінген болашақ чемпиондарға марқайғандардың бірі – спорт мектебінің директоры Абдрахман Қыдыралиев салауатты өмір салтын ұстанған әрбір жасқа дзюдо күресінің пайдасы мен ерекшелігін ұғындыруға күш салатынын айтты. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары