Астана марафонына қатысты

Өткен жылдың соңында К.Нұрбаев атындағы орта мектеп директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Саят Ахметбаев “Аstana Winter Marathon-2018 II”  марафонына қатысып қайтты. 

Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған марафонға ол биыл алғаш рет қатысыпты. Былтырғы жылы Алматыда өткен халықаралық “Алматы 2017” марафонына қатысып, арнайы медальмен марапатталып қайтқан болатын.
“Astana Winter Marathon-2018 ІІ” қысқы марафоны белгіленген жоспар бойынша 5, 10, 21 және 42 шақырым қашықтықтарда өтетін болған. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты 42 шқ.қашықтық алынып тасталған. 
Астанадағы Триатлон паркінде өткен бұл қысқы марафонға 1600-ден астам адам қатысыпты. Осы қатысушылардың арасында Саят Ахметбаев та 21 шақырымдық қашықтықта ойдағыдай жүгіріп өтіп, белгіленген межені бағындырған екен. Арнайы межеден өткендерге “Аstana Winter Marathon-2018 II” атты  медальдар табыс етіліпті.
Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздейтін  бұл жарысты өткізуге Гиннестің рекордтар кітабына жеті рет енген әйгілі  желаяқ марафоншы Марат Жыланбаев бастамашы болған. 


Гүлмира Демеубаева.
 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары